Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әулет» мектептен тыс орталығындағы күзгі демалыстар

13.11.2019

 Көкшетау қаласы  білім бөлімі жанындағы «Әулет» мектептен тыс орталығындағы күзгі демалыстар кезінде орталық тәрбиеленушілерімен бірнеше іс-шаралар өткізілді.

2019 жылдың 28-қазан күні  қосымша білім беру педагогі А.А.Мубараков «Күзгі  эстафета» ойын бағдарламасын өткізді. Балалар хип-хоп стиліндегі би қозғалыстарын орындау арқылы  түрлі тапсырмалар орындады.

29 –қазан күні  «Күзгі бояулар» тақырыбында  көркемдік-ойын бағдарламасы өткізілді.Балалар іс-шара барысында  түрлі жидектермен, саңырауқұлақ түрлерімен, ағаш атауларымен таныс болды.Бірігіп күзгі тақырыпта сурет салды.

29-қазан күні педагог  В.О.Калугин «Әр мемлекеттегі демалыстар» тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді.Балалар екі топқа бөлінді. Бір топ Азия елі болса, екінші топ Еуропа мемлекеті болып, әр елдегі демалыстар туралы мәлімет біліп, бейнероликтер көрді.

30-қазан күні «Ақ кербез» үйірмесінде «Стартинейджер»   би-сауықтыру бағдарламасы өтті.Бағдарлама барысында түрлі ойындар мен әндер де сайысы өткізілді.Балалар күндерін өте  тамаша  өткізді.

30-қазан күні   "Парасат" үйірмесінде "Кім тапқыр" ойын бағдарламасы өтті. Оқушылардың білімдік, шешендік, интелектуалды қабілеттері ойын арқылы дамып, өздеріне деген сенімдік қасиеттері қалыптасты.Ойын өте қызықты өтті. Балалар ойынға жақсы қатысып логикалық тапсырмалармен жарысты, өз өнерлері мен білімдерін жан-жақты толық мазмұнды, эстетикаға сай көрсете білді.

31-қазан күні   «Әулет» орталығындағы  «Жас актер» үйірмесінде  «Алтын күз» ойын бағдарламасы өткізілді.Іс-шара барысында балалар түрлі тапсырмалар орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Сонымен қатар осы күні «Мелпомена» үйірмесінде де ойын бағдарламасы өткізілді.Балалар күз тақырыбында әндер айтып жарысты.

 Педагог- Г.В.Пархоменко «Алақай, демалыстар!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Педагог балаларға мастер-класс көрсетсе, балалар шығармашылық  нөмірлер дайындап, бір-біріне  сыйлық жасады.

"Fun English "  үйірмесінің тәрбиеленушілері күзгі демалыстар кезінде"Halloween " мерекесіне арналған кеш өткізді. Англия  елінің салт-дәстүрлерімен танысып, мерекенің шығу тарихы  туралы ақпаратпен таныс болды.

1-қараша күні педагог- Б.Қ.Өтеулі «Алтын күз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Оқушылар ән айтып, өлең оқып, домбырада үйренген  шығармаларын орындап,жарысты.

2-қараша күні  «Веселая палитра» үйірмесінде  шығармашылық сағат өткізілді. Балалар кепкен жапырақтар мен бұтақтардан, гүлдерден күз  бейнесін салып жарысты.

3-қараша күні педагог- А.А.Хамзина қазіргі өмірге, қоғмдағы мәселелерге байланысты  кинолар көріп , талқылады. Балалар өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты. Соңында эссе жазып, тапсырды.

Күзгі демалыстар кезінде  аталған іс-шараларға барлығы 546 бала қамтылды.

 

  • IMG_6836.JPG
  • IMG_0158.JPG
  • IMG_6827.JPG
  • IMG_20191027_115736 (1).jpg
  • WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.28.17.jpeg
  • WhatsApp Image 2019-11-02 at 13.26.01.jpeg
  • WhatsApp Image 2019-11-05 at 10.21.11.jpeg
  • WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.40.16.jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.11.2019 11:02
Құрылған күні: 13.11.2019 11:07

Текст