Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жазғы демалысты ұйымдастыру

27.06.2025

СЛАЙД №1

2025 жылы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында

жазғы демалысты ұйымдастыру.

 

Жаз – бұл барлық балалар асыға күтетін уақыт.
Оқу жылының аяқталуымен бірге олар демалып, бойындағы күш-қуатын қалпына келтіріп, жаңа әсерлер мен жағымды эмоциялар алуға ұмтылады. Бұл мезгіл – балалар үшін тек демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар жаңа достар тауып, қызықты іс-шараларға қатысатын, табиғатпен етене жақын болуға мүмкіндік беретін кезең. Жазғы демалыс баланың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерінің артуына және денсаулығының нығаюына оң әсерін тигізеді.

СЛАЙД№ 2

Көкшетау қаласының білім бөлімі жанындағы  «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдерді демалу, сауықтыру және жұмыспен қамту нысандары мен мазмұны бойынша қызықты, алуан түрлі жағдайлар жасау мақсатында балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылу бағдарламаларын әзірлейді.

Жыл сайын балалар үшін бос уақыттың әртүрлі нысандары ұйымдастырылады: тақырыптық лагерь ауысымдары, шеберлік сыныптары, спорттық және шығармашылық іс-шаралар, жаз бойы Юбилейный, Боровской,Жайлау,Васильковка, Станционный кенті шағын аудандарында орналасқан  балалар аулалық клубтарында    бос уақыт алаңдары жұмыс істейді.

Бағдарламаларда балалардың пайдалы дағдыларын дамытуға, денсаулығын нығайтуға, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

 

   СЛАЙД № 3

  2 маусым мен 13 маусым аралығында кәсіпорындарда 9 кәсіптік бағдар беру үйірмесінің өндірістік практикасы өтті. Практика барысында оқушылар өз таңдаған мамандықтары бойынша алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтап, өндіріс орындарының жұмысымен жақын танысты. Оқушылар нақты жұмыс жағдайында машықтанып, теориялық білімдерін тәжірибе арқылы бекіту мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, олар еңбек тәртібімен, техника қауіпсіздігі ережелерімен танысып, жауапкершілік пен ұқыптылық сияқты маңызды қасиеттерді бойларына сіңірді.

СЛАЙД №4 ФОТО

«Media Time»,«Повар-кондитер»,«Лакомка» «Проекция», «Флористика», «Промышленный альпинизм», «Арман достар» тәлімгерлік шеберлік мектебі, «Швейное дело»,«Электроника»,  «Умелые ручки» үйірмелерінің білім алушылары: «Куб» фотостудиясы, студия- "Мадами" кондитерлік цехы, Гүлдер қоймасы, "Диас"тігін фабрикасына барып практикадан өтті.

 

 

 

 

 СЛАЙД № 5

9 маусым мен 13 маусым аралығында "Әулет" орталығының базасында күндізгі «PROFcamp» лагерьдің ауысымы өтті. Ауысымды өткізу уақыты: сағат 9.00-13.00.

Ауысым барысында оқушылар әртүрлі кәсіптермен танысып, шеберлік сабақтарына қатысып, өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай бағыттарды таңдау мүмкіндігіне ие болды. Бағдарлама аясында қатысушыларға кәсіби сынамалар, интерактивті ойындар, тренингтер мен экскурсиялар ұйымдастырылды. Балалар топпен жұмыс істеуді үйреніп, коммуникациялық және шығармашылық дағдыларын дамытты.
 СЛАЙД №6

Лагерьге қатысқан оқушылар болашақ мамандық таңдау жайында пайдалы ақпарат алып, өздерінің еңбекке деген көзқарастарын қалыптастырды. Ата-аналар мен оқушылар тарапынан оң пікірлер айтылып, мұндай іс-шаралардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

СЛАЙД №7 ФОТО

Ауысымның ұзақтығы-5 күн.   Балалармен "Арман Достар" тәлімгерлік  шеберлік мектебінің тәлімгерлері,  «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру педагогтары жұмыс істеді.

СЛАЙД № 8

16 маусымнан 27 маусымға дейін "Adventure time"( оқиғалар уақыты) күндізгі лагері  сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

  Лагерь ауысымының барлық кезеңінде қатысушылар карта бойынша саяхаттайды.  Күн сайын оларды жаңа шытырман оқиғалар күтеді.  Оқушылар негізгі дағдыларды дамыту бойынша іс-шараларға қатысады: коммуникативті, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары, креативті, ақпаратпен жұмыс істеу және стресске төзімділікті дамыту дағдылары.

Әр күннің соңында балалар өздерінің жетістіктерін атап өтіп,есеп береді.

Негізгі қызмет - ұжымдық және шығармашылық істер.

 

СЛАЙД №9

Эко-парк аумағында 5-ші жыл қатарынан күндізгі лагерьлер ұйымдастырылып келеді.
  Биыл бұл – "Бабалар аманаты" этно-лагері (3 ауысым) және "Арлан" әскери-патриоттық лагері (2 ауысым). Лагерьлердің әрқайсысы балалардың танымдық, рухани және тұлғалық дамуына бағытталған мазмұнды бағдарламалармен ерекшеленді.

 

СЛАЙД №10 ФОТО
"Бабалар аманаты" этно-лагерінде
оқушылар ұлттық салт-дәстүрлермен, қолөнермен, қазақтың рухани мұраларымен терең танысып, этноойындарға, домбыра тарту және ұлттық тағам дайындау шеберлік сабақтарына қатысты. Бұл ауысымдар балалардың ұлттық болмысына деген құрметін арттырып, патриоттық сезімдерін оятты.
       Қызмет көрсету орны Көкшетау қаласынан 10 шақырым жерде Эко - парк, Зеренді саяжайлары ауданы, Қостанай тас жолында  орналасқан:

 

 

 

СЛАЙД № 11 ФОТО

   Бағдарламаға:квест ойындары, тренингтер, мастер - класс, ұлттық ойындар, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді зерттеу, эстафеталар, зияткерлік ойындар кіреді.

Ағаш өңдеу бойынша мастер-класстар, ұлттық аспап- домбыраны оқыту өтеді.

Балалар қаламыздың мұражайларына барады.     

Ауысым ұзақтығы– 5 күн

Балалар жасы 12-ден 17 жасқа дейін

Ауысым саны -3

                                          I ауысым – 02-06.06, /маусым/

                                          II ауысым – 09-13.06

                                    III  ауысым – 16-20.06

Болжалды қамту-1 ауысымда 40 бала, барлығы-120 бала.

Лагерьде – балалар үш рет тамақтанады.Түрлі сабақтарға арналған жабдықтар,көрнекі құралдар, кеңсе тауарлары, медициналық қызмет көрсету ,түнгі және демалыс күндерінде күзет, бір қызметкердің кезекшілігі қамтамасыз етілді, балаларды тасымалдау ұйымдастырылды, қолжуғыштар мен биодәретханалар орнатылды.

      Балалармен бірге тәжірбиелі қосымша білім беру педагогтері, «Арман Достар» шеберлік  мектебінің тәлімгерлері жұмыс атқарады.

 

  СЛАЙД №12  

30 маусым мен 11 шілде аралығында Эко-парк аумағында "Арлан" күндізгі әскери-спорт лагері жұмыс істейтін болады.

Лагерь бағдарламасында:-балаларға арналған оқу-танымдық, спорттық-ойын-сауық бағдарламалары, Калашников автоматын талдау және жинау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, карта бойынша жергілікті жерге бағдарлау, картамен, компаспен жұмыс істеу, спорттық бағдарлау, нормативтерді орындау және т. б. бойынша практикалық сабақтар болады.

 

  СЛАЙД №  13

Сондай-ақ, "Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы көпсалалы Инновациялық колледж" базасында 14-25 шілде аралығында мектеп ішілік есепте тұрған,  тәуекел тобындағы балаларға арналған  үш рет ыстық тамақпен қамтылған, "Иги істер үшін" ( 2 ауысым) күндізгі лагері ұйымдастырылады.

Бұл лагерьдің басты мақсаты – қиын өмірлік жағдайдағы және тәуекел тобындағы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың әлеуметтік бейімделуіне, психологиялық жайлылықты сезінуіне жағдай жасау. Лагерь бағдарламасына тұлғалық даму тренингтері, шығармашылық шеберлік сабақтары, спорттық және мәдени іс-шаралар, сондай-ақ, табиғат аясындағы серуендер  енгізілді.
 Әлеуметтік педагогтар мен психологтар тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, балалардың көңіл-күйін бақылап, қажетті қолдау көрсетті. Сонымен қатар, балалар қайырымдылық пен еріктілік идеяларын насихаттайтын «жақсылық жасау» жобаларына қатысып, қоғамға пайдалы болудың маңыздылығын ұғынды.
Ауысым қорытындысы бойынша балалар жағымды эмоциялар алып, жаңа достар тауып, өз-өздеріне сенімділіктері арта түседі.

Бір ауысымда жоспарланған балалар саны-20 бала, барлығы 2 ауысым.

 

 СЛАЙД №14

Балалардың демалыс уақытында бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, балалардың дене белсенділігі мен шығармашылық дамуын ұйымдастыру мақсатында қаламыздың  Боровской, Юбилейный, Жайлау, Васильковка, Станционный кентінде орналасқан балалар аулалық клубтары жұмыс істейтін болады.  Іс-шаралар аулалық клубтардың жоспарына сәйкес өтеді.

 

СЛАЙД №15 ФОТО

Бағдарламалар аясында балалар өз қабілеттерін ашуға, жаңа дағдыларды меңгеруге және шығармашылық ойлауын дамытуға мүмкіндік алады. Түрлі бағыттағы үйірмелер мен лагерьлік жобалар балалардың қызығушылықтарына сай ұйымдастырылып, оларды белсенді өмір салтына, ұжыммен жұмыс істеуге және жауапкершілікке үйретеді.
   Шеберлік сабақтары, кәсіптік бағдар беру тренингтері, мәдени-танымдық іс-шаралар мен экскурсиялар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауда нақты бағдар береді. Сонымен қатар, әрбір бала өз ойын еркін білдіріп, жаңа ортада өзін еркін сезінуге үйренеді.
"Әулет" орталығы ұйымдастыратын әрбір жазғы жоба – бұл баланың жан-жақты дамуына, өз-өзіне сенімділігін арттыруға және жарқын естеліктер жинауға бағытталған маңызды қадам



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст