Текст
09.06.2026
02-05 маусым аралығында өткен "Language City / Тілдер қаласы» жазғы лагерінің І маусымы өз мәресіне жетті!
Маусым барысында балалар қызықты квест ойындарына қатысып, тілдік шеберлік сабақтарында білімдерін жетілдірді, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа достар тапты. Әр күн көтеріңкі көңіл-күйге, жарқын әсерлерге және пайдалы іс-шараларға толы болды.
Белсенділік танытып, лагерь өміріне атсалысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын жазғы демалыс және жаңа жетістіктер тілейміз!