Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің болашақ мамандығым» қалалық қашықтық суреттер байқауының ережесі

20.08.2020

1.Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Менің болашақ мамандығым» қалалық қашықтықтан  суреттер байқауын ұйымдастырып, өткізу тәртібін анықтайды (одан әрі-байқау)

1.2. Байқаудың мақсаты: мамандық әлемі туралы білім алу,балалардың  шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту.

Байқаудың міндеттері

  1. Білім беру ұйымдарының  оқушыларын техникалық саладағы мамандықтарды  таңдау процесіне назарын аудару.
  2. Қаланың білім беру  мекемелерінде кәсіптік бағдар беру  жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздеуді жанжандыру.
  3. Оқушылардың болашақта мамандық таңдаудағы басымдықтарын анықтауға жағдай жасау.

2.Байқауды ұйымдастыру және өткізу

2.1.Байқау ұйымдастырушысы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы «Жұлдыз» БАК

2.2.Байқау қатысушылары Көкшетау қаласы  білім беру ұйымдарының оқушылары мен  «Әулет» МТЖО үйірмесінің тәрбиеленушілері. Қатысушылардың жасы:  І  топ: 7-10 жас аралығы.

                                             ІІ топ: 11-16 жас аралығы

3.  Жұмыстың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар.

3.1 Байқауға қатысушылар жұмысты жеке орындайды. Әр бала тек бір жұмыс ұсынады;

Жұмысты  ресімдеуге қойылатын талаптар: жұмыстың  атауы, жұмыс jpg , pdf  форматында  ұсынылады, фотосуретке оң жағында аты-жөні, жасы, сыныбы, мектебі, жұмыс атауы көрсетілген болуы керек.

3.2.  Байқау  жұмыстарын бағалау критерийлері.

- орындау сапасы, түпнұсқалығы,

- жұмысты орындау дербестігі, шығармашылық тәсілі,

-ұсынылған жұмыстардың байқау тақырыбына сәйкестігі.

3.3.Жұмыстар  2020 жылдың  24- тамыз күні  сағат  20.00-ге дейін қабылданады.

4. Байқау қорытындысын шығару және марапаттау.

4.1 Байқау қатысушыларының  фото жұмыстары sultan-aima@mail.ru немесе вацап тел: 8747 169-19-82 жіберіледі.

4.2. Әділ-қазылар байқау жеңімпаздарын анықтайды (1,2,3 орын). Қатысушылардың ең үздік жұмыстары @aulet_2000 инстаграмм  парақшасында  көрсетіледі.

4.3. Барлық дипломдар мен грамоталар электрондық поштаға жіберіледі.

5. Байланыс ақпараты

5.1. Барлық сұрақтар бойынша ақпаратты    87471691982 тел-нөмірі арқылы– Дюсенова Айымгуль Маратовнадан біле аласыздар.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.08.2020 10:06
Құрылған күні: 20.08.2020 10:06

Текст