1.Жалпы ереже
1.1. Осы ереже «Сөз шебері» мәнерлеп оқу қалалық қашықтықтан бейнебайқауын ұйымдастырып, өткізу тәртібін анықтайды (одан әрі-байқау)
1.2. Байқаудың мақсаты: Қазіргі талантты оқырмандарды анықтау, қолдау.Қазіргі қоғамды адами құндылықтарды терең түсінуге тарту. Өскелең ұрпаққа эстетикалық және отаншылдық тәрбие беру.
Байқау міндеттері:
- Өскелең ұрпақты тәрбиелеу процесінде көркемсөздің рөлін күшейтуге ықпал ететін жағдайлар жасау,
-әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу,
-орындаушылық шеберлікті арттыру үшін жағдай жасау.
2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
2.1.Байқау ұйымдастырушысы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы 2.2.Байқау қатысушылары Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары мен «Әулет» МТЖО үйірмесінің тәрбиеленушілері. Қатысушылардың жасы: балалар 7-10 жас, жасөспірімдер 11-16 жас аралығы.
3. Жұмыстың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар.
3.1. Кез келген тақырыпқа шығарма таңдау.
3.2. Өлең 8 жолдан аз, 50 жолдан көп болмауы керек.
3.3. Оқу тәртібі:
- аты-жөнін, оқу орнын атау;
-авторды атау;
-шығарма атын айту;
-өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері
Қазылар алқасы әр критерий бойынша бес балдық жүйе бойынша бағалайды:
-мәнерлілік;
-орындау кезінде шығарманы түсіну;
-дауысты, эмоциялар мен қимылдарды үйлестіру мүмкіндігі.
Барлық критерийлер бойынша баллдардың сомасы әр жұмыстың соңғы бағасын құрайды.
3.9. Жұмыстар 2020 жылдың 18- 24 тамыз аралығында сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
5. Байқау қорытындысын шығару және марапаттау.
4.1 Байқау қатысушыларының фото жұмыстары kkhs18@mail.ru немесе вацап тел: 87006640925 жіберіледі. Аты-жөні, мектебі, сыныбы көрсетілсін. Әділ-қазылар байқау жеңімпаздарын анықтайды (1,2,3 орын). Қатысушылардың ең үздік жұмыстары @aulet_2000 инстаграмм парақшасында көрсетіледі.
4.2.Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Барлық дипломдар мен грамоталар электрондық поштаға жіберіледі.
6. Байланыс ақпараты
5.1. Барлық сұрақтар бойынша ақпаратты 87006640925 тел-нөмірі арқылы– Куйшыбаева Хорлан Саматовнадан біле аласыздар.