Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас қозғалыс инспекторлары жасақтарының қашықтықтан қалалық байқауын өткізу туралы ереже

11.05.2020

1. Жас  қозғалыс  инспекторлары  жасақтарының  қашықтықтан  қалалық  байқауы (бұдан әрі-ЖҚИ байқауы) Көкшетау  қаласының  жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары  арасындағы  командалық  біріншілік  болып  табылады.

2. ЖҚИ байқауының  мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол – көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жетілдіру және балалардың жол – көлік жарақатының алдын алу мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару.

3.ЖҚИ  байқауының міндеттері:

1) Жол қозғалыс ережелері  бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру;

2) жолдардағы балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысы ережелерін насихаттау бойынша білім беру органдары мен ЖҚИ отрядтарының озық тәжірибесін жинақтау.

4. ЖҚИ  байқауы  Көкшетау қаласының білім бөлімі, "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы Көкшетау қаласының полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімімен және басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалармен бірлесіп ұйымдастырады және өткізеді.

1. Жарысқа қатысушылар.

5. ЖҚИ қашықтықтан  байқауының қатысушылары Көкшетау қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің ЖҚИ жасақтарының командалары болып табылады. Алдыңғы республикалық слеттерге қатысқан оқушылар слеттің келесі облыстық кезеңіне жіберілмейді.

Слет қатысушылары қалалық кезеңде жеңіске жеткен жағдайда, олар облыстық кезеңге тек конкурстан тыс қатыса алады (ұйымдастыру комитетінің қарауы бойынша жеке конкурстарға номинацияланады және марапатталады, жалпы есепке қатыспайды).

6. ЖҚИ байқауына 12-14 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Қалалық (облыстық, республикалық кезең) байқауды өткізу кезінде қатысушылар 15 жасқа толмауы тиіс.

7.  Команда құрамында 10 адамболуы керек.  

8. Әрбір команда ЖҚИ байқауына қатысу үшін ЖҚИ   слетінің жұмыс тобына келесі құжаттарды ұсынады.

1)байқауға қатысуға электрондық өтінім;

2) үгіт бригадаларына байқау сценарийлері uid_kokshetau@mail.ru электронды поштаға жіберіледі;

9.Сценарийді ресімдеуге келесі талаптар қойылады:

- сценарийдің титулдық бетінде: білім беру мекемесінің атауы; өңір; бағдарламаның атауы; авторлық (шығармашылық) топтың әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты; байланыс телефоны; әзірленген (жасалған) жылы болуға тиіс;

-сценарийдің әдістемелік бөлімінде: мақсаты, міндеттері, уәждемесі көрсетіледі.;

- сценарийдің әдеби бөлімінде: қатысушылардың іс-әрекеттері сипатталған бағдарламаның толық сценарийі; әдебиет және басқа да ақпараттық көздердің тізімі; түсініктемелер көрсетіледі.

2. ЖҚИ слетінің бағдарламасы.

10.  Слет бағдарламасына 8  байқау  енгізіледі:

1) командирлерге арналған эссе байқауының тақырыбы, «ЖҚИ-полицияның сенімді досы»

2) жол қозғалысы ережелерінің білгірлері (бұдан әрі - ЖҚЕ);

3) жас реттеуші;

4) жас санитар;

 5) "Мотокөлік-ойыншық емес!" бейнероликтер байқауы.

6) эрудиттер турнирі

7) «Ашық үзіліс»ЖҚИ жасақтарының жетекшілеріне арналған бейнесабақтар байқауы.

8) велосипедшілерге арналған байқау;

Байқауға  қатысу үшін өтініштер 10.05.2020ж. дейін   «Әулет» МТЖО uid_kokshetau@mail.ru электрондық мекен-жайында қабылданады.Өтінімде команданың атауы, оқушының аты-жөні, туған күні, сыныбы, жасақтағы қатысушының қызметі,басшысының аты-жөнін көрсету керек.

Қатысушының аты-жөні

/толық/

Туған күні

сыныбы

Жасақтағы қызметі

 

Басшысының аты-жөні.

3. ЖҚИ жасағын өткізу шарттары

1.Командирлерге арналған эссе байқауының тақырыбы:

«ЖҚИ-полицияның сенімді досы»

1.Қатысуға  команда командирі қатысады, эссе  мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жазылады. Қатысушы эссені 2020 жылдың 12-мамыр күніне дейін uid_kokshetau@mail.ru электронды мекен-жайына  аты-жөнін, мектебін толық жазып жібереді. Кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды, орындалмаған болып есептелінеді.

2.Эссенің жалпы көлемі  1 беттен аспауы керек  (А4), 14 кегль, бір интервал, 1,5 жол.

3.Жұмысты бағалау кезінде мыналар назарға алынады:

-мазмұнның тұжырымдалған тақырыпқа, жанрға (эпиграф және т.б.) сәйкестігі;

-нақты материалдың дұрыстығы;

-авторлық ұстаным,шынайылық;

-материалды рәсімдеу мәдениеті (стильдік бірлік,сөйлеу мәнері,сөздіктің әртүрлілігі және т.б.)

2. ЖҚЕ білгірлері.

1.  Әр жасақ мүшесі ЖҚЕ бойынша билетті өздерінің жетекшілерінің электрондық поштасынан алады.Дайын болған жауаптарын өздерінің ЖҚИ жасақтарының жетекшісіне жібереді. Жетекшілер барлық жасақ мүшелерінің жауаптарын бір папкаға жинап,  тапсырманы алғаннан кейін келесі күні  сағат 18. 00-ге дейін uid_kokshetau@mail.ru электрондық мекен-жайына жібереді. Кеш жіберілген жауаптар, орындалмаған болып есептелінеді.

2. Билеттерге ЖҚЕ келесі бөлімдері бойынша сұрақтар кіреді: жол қозғалысы ережелерінің 1, 3-23 тараулары, барлық жол белгілері.

Әрбір билетте 8 сұрақтан, дұрыс жауап үшін 2 балдан (ең жоғарғы балл саны – 16) есептеледі. Есепке жасақтың орташа балы және тапсырманы орындауға кеткен орташа уақыт өтеді. Сонымен қатар, жеке біріншілікте жеңімпаздар анықталуы мүмкін.

 

 

 

3. Жас реттеуші.

1.Байқау 2 кезеңде өтеді.

1) Қатысушылар 6 сұрақтан тұратын билетті өздерінің жетекшілерінен электрондық поштадан алады. Әр дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.Ең жоғары балл саны-6. Жауаптары өз жетекшілеріне жіберіледі. Жетекшілер тесті алғаннан кейін келесі күні  сағат 18. 00-ге дейін uid_kokshetau@mail.ru электрондық мекен-жайына жібереді. Кеш жіберілген жауаптар, орындалмаған болып есептелінеді.

2) Екінші кезең қатысушының практикалық тапсырманы орындауын қамтиды:реттеушінің 3 сигналын көрсетеді, бағдаршам сигналдарына сәйкес реттеушінің қимылдарын түсіндіру.

3)Қатысушы  виде түсіріп, 17-мамыр күні сағат 18.00-ге дейін uid_kokshetau@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберуі керек.

4) Ең жоғары балл саны-10 (6+4)

 4. Жас  санитар.

1.Байқауға толық құрамдағы команда қатысады.

2. Байқау тестілеу түрінде өткізіледі.Тесттер жетекшінің электронды поштасына жіберіледі. Әрбір қатысушы теориялық сұрақтарға жеке жауап береді. Жетекшілер барлық жасақ мүшелерінің жауаптарын бір папкаға жинап,  тапсырманы алғаннан кейін келесі күні  сағат 18. 00-ге дейін uid_kokshetau@mail.ru электрондық мекен-жайына жібереді. Кеш жіберілген жауаптар, орындалмаған болып есептелінеді.

3. Қатысушы білуі тиіс:

1) жараның түрлері және оларды өңдеу тәсілдері;

2) таңғыштардың түрлері және оларды салу тәсілдері;

3) артериялық, веналық және капиллярлы қан кетуді тоқтату тәсілдері;

4) сынық, күйік, үсік, шок және талу кезінде алғашқы көмек көрсете білу;

5) жасанды тыныс алу және жүрекке массаж жасай білу;

6) зардап шегушіні тасымалдау тәсілдерін білу

 

 
 

 

 

5. «Мотокөлік-ойыншық емес!» бейнеороликтер байқауы:

  1. 2020 жылдағы бейнероликтер байқауының тақырыбы: «Мотокөлік-ойыншық емес!».   

2.  жасақтағы  1 қатысушы бейнеролик түсіреді.

3. Бейнероликке қойылатын талаптар:

-  Байқау бейнероликтері электронды түрде жіберіледі.

-Ең төменгі бейне ажыратылымдығы-1280 х 720 HD үшін  16:9.

-Бейнероликтің ең көп ұзақтығы -5 минуттан аспайды.

-Бейнероликті құрастыру және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану-қатысушының қалауы бойынша.

-Қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат,репортаж, бейнеклип және т.б.)

-Роликте  фотосуреттер пайдаланылуы мүмкін.

-Бейнероликтердің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

-Байқауға басқа адамдардың қадір-қасиетін және сезімдерін қорлайтын,байқау тақырыбына сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.

1.Бағалау критерийлері:

- бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкестігі;

-сюжеттің мазмұны мен жаңалығы;

-тақырыпты баяндаудың нақтылығы мен табыстылығы,

-бірегейлігі;

-дыбыстық сүйемелдеудің болуы, бейне әсерлері;

-жалпы эмоциялық қабылдау.

Ең жоғары балл саны-5.

Қазылар алқасының мүшесі түпнұсқалығы үшін қосымша 1 балла есептеуге құқылы.

Бейнероликті  20-мамыр сағат 18.00-ге дейін uid_kokshetau@mail.ru электрондық поштасына  жіберу керек.

6. Эрудиттер турнирі.

1."Эрудит" турниріне 1 адам қатысады

2.Турнир келесі тақырыптар бойынша тест түрінде өткізіледі: ЖҚИ тарихы, ЖҚЕ (дамыту), жолдардың даму тарихы, МАИ-жол полициясының тарихы.

3. Тестіде 20 сұрақ, әр сұраққа 3 жауап нұсқасы. Әрбір дұрыс жауап үшін 0,5 балл есептеледі. Ең жоғары балл саны-10.

Тесттер жетекшілердің  электрондық поштасына жіберіледі.Жауаптарын өздерінің жетекшілеріне жібіреді, ал жетекшілері тапсырманы алғаннан кейін келесі күні  сағат 18. 00-ге дейін uid_kokshetau@mail.ru электрондық мекен-жайына жібереді. Кеш жіберілген жауаптар, орындалмаған болып есептелінеді.

7.  «Ашық үзілістер» ЖҚИ жасақтары жетекшілеріне арналған бейнесабақтар байқауы.

1. Байқауға білім беру органдарының өкілдері – ЖҚИ жасақтарының жетекшілері қатысады.

2. Байқау қатысушысы балалар үшін жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған бейнесабақтар көрсетеді.

Бейнесабақ балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау бойынша педагогтың практикалық іс-әрекеті болып табылады. Қатысушы нақты мақсат қою, міндеттерді анықтау және оларды шешу үшін қажетті құралдарды таңдау білігін көрсету қажет. Нәтижесі оны өткізу тиімділігі жағдайында қойылған мақсатқа сәйкес болуы тиіс.Бейнесабақ аяқталған және балалардың жол қауіпсіздігі ережелерін үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасын ынталандыруы тиіс.

3. Бейнесабақ ұзақтығы-10 минут, бейнесабаққа қатысушылардың кері байланысын көрсету қажет. Қатысу уақытын сақтамаған үшін айыппұл ұпайлары есептелетін болады.

4. Байқау  6 балдық жүйемен  келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- қойылған мәселенің өзектілігі;

- тақырыпты ашудағы құзыреттілік;

- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану;

- тыңдаушылардың рефлексиясын қамтамасыз ету;

- баяндау мәдениеті.

Бейнесабақты  20-мамырға  дейін uid_kokshetau@mail.ru электрондық поштасына  жіберу керек.

 Велосипедшілерге  арналған  байқау

Байқауға  жасақтан екі адам қатысады:ұл мен қыз.

Байқау келесі тақырыптар бойынша тест түрінде өткізіледі: жол белгілері,бағдаршам мен реттеушінің сигналдары:Қатысушы әр сұраққа жауаптың 3 нұсқасына 10 сұрақтан тұратын тест алады. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.Ең жоғары балл саны-10.

Тесттер жетекшілердің электрондық поштасына жіберіледі.Жауаптары өз жетекшілеріне жіберіледі.

Жетекшілер барлық жасақ мүшелерінің жауаптарын бір папкаға жинап,  тапсырманы алғаннан кейін келесі күні  сағат 18. 00-ге дейін uid_kokshetau@mail.ru электрондық мекен-жайына жібереді. Кеш жіберілген жауаптар, орындалмаған болып есептелінеді.

Нәтижелерді анықтау.

1. ЖҚИ слетінің қорытындысын ұйымдастыру комитеті шығарады.

2. Байқаулардың  жеңімпаздары мен жүлдегерлері баллдарды санау арқылы анықталады. 

3. Қашықтықтан байқауының жеңімпаздары- байқау  нәтижелері бойынша командалар ең аз соманы жинаған ЖҚИ жасағы болады.

"ЖҚЕ білгірлері" сайысында ең жақсы нәтиже көрсеткен  жасақ  жеңімпаз атанды.Байқау қорытындысы aulet_2000 инстаграмм парақшасында жарияланады.

 Жүлдегерлерді марапаттау.

Жеңімпаз Команда Кубокпен және дипломмен марапатталады. 2 - ші және 3-ші орын алған командалар дипломдармен марапатталады.  Жеке сынақта жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады./карантин аяқталғаннан кейін/

2. Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталады

Ұйымдастыру комитеті ЖҚИ слетінің қатысушылары үшін қосымша ынталандыру сыйлықтарын белгілеуге құқылы.

 

 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.05.2020 14:30
Құрылған күні: 11.05.2020 14:51

Текст