Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20618 болып тіркелді
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
А. Аймагамбетов |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары
2-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру тәртібі
"педагог-модератор" біліктілік санаты үшін - білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: білім беру ұйымының жоғары білікті педагогтері, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты үшін - қала (аудан), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, білім беру ұйымдарының, қаланың (ауданның) жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты үшін - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдардың жоғары білікті педагогтері, тиісті саланың уәкілетті органының, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері;
"педагог-шебер" біліктілік санаты үшін - облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, облыстың білім беру ұйымдарының жоғары білікті педагогтері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітілетін біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері.
оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін біледі; оқу-тәрбие процесін білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, сандық білім беру ресурстарын қолданады.
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі
1) "педагог-модератор" біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибе жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
2) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу әрекетін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие, білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды, аудандық/қалалық деңгейде тәжірибе жинақтайды, аудандық/қалалық деңгейдегі олимпиадаларға, конкурстарға жарыстарға қатысушылары бар;
3) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде төрт жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті айқындайды, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша талаптар қоюсыз, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың республикалық сараптамасына қатысқан адамдар.
4) "педагог-шебер" біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарламасы бар немесе уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби қоғамдастық желісін облыс деңгейінде дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын даярлаған.
"педагог-модератор" біліктілік санаты - мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары);
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінде, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында;
"педагог-мастер" біліктілік санаты - республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында.
14. Әрбір педагог бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді;
3) өтініш берілген біліктілік санатынан бір саты төмен санатқа сәйкес келеді.
15. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
1) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес педагогтің уақытша еңбекке жарамсыздығы;
2) жүктілікке және босануға, бала күтіміне байланысты демалыста болу;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызметтік іссапарда, мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болу;
4) біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысты тоқтату себептеріне қарамастан қайта бастау;
5) Қазақстан Республикасының шегінде жұмыс орнын ауыстыру;
6) білімі, еңбек өтілі және біліктілік санатын растайтын құжаттары болған жағдайда жақын және алыс шетелдерден Қазақстан Республикасына келген адамдардың педагогикалық қызметті жүзеге асыруы;
7) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысу.
19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген және жұмысқа шыққан педагогтерге біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін білім беру ұйымдары Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) біліктілік қағидаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);
3) білімі туралы дипломның немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжаттың көшірмесі;
4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі;
5) педагогтің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) кезекті біліктілік санаттарын беру туралы куәліктің көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаты жоқ педагогтерден басқа);
7) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
20. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі отырысы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
21. Тиісті деңгейдегі біліктілік санатын беру туралы бұйрық ағымдағы жылдың 15 шілдесінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей шығарылады. Тиісті бұйрықтың негізінде білім беру ұйымы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес біліктілік беру туралы куәлік береді.
22. Төменде көрсетілген біліктілік санаттары берілген педагогтерде біліктілік санаттары берілген кезден бастап лауазымдарының мынадай біліктіліктері сақталады немесе беріледі, сондай-ақ теңестіріледі:
"екінші санат" - "педагог-модератор";
"бірінші санат" - "педагог-сарапшы";
"жоғары санат" - "педагог-зерттеуші" және "педагог-шебер".
23. Біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беруді Комиссиялардың шешімдері мен тиісті бұйрықтар негізінде білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
24. Педагогтерге біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.
25. Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтердің қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
26. Біліктілік санатының қолданылу мерзімі өткен жағдайда жасына байланысты зейнетке дейін төрт жылдан аспайтын уақыт қалған педагогтерге біліктілік санатын кезекті беруден (растаудан) босату туралы өтінішіне (еркін нысан) сәйкес оларда бар біліктілік санаттары зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады.
27. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жалғастырушы зейнеткерлік жастағы педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімі жалпы негізде жүргізіледі. Жалпы негізде біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді.
28. Педагогтерге біліктілік санатын беру білім туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес жүзеге асырылады.
29. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқытқан жағдайда, біліктілік санатын беру оқытатын пәнді/пәндерді (таңдау бойынша) көрсете отырып, негізгі лауазым бойынша жүргізіледі және негізгі лауазым бойынша санат беріледі.
30. Шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары (кемінде 72 сағат) немесе пәнаралық (аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік бере отырып қайта даярлау туралы құжат болған жағдайда атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
31. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда, онда бұрын алынған санат сақталады; кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған кезде жалпы негіздерде жүргізіледі.
32. Арнайы білім беру ұйымдарында сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санатын беру дипломға сәйкес, бейіні бойынша немесе қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес, білім беру ұйымдарындағы тиісті бейін бойынша жүргізіледі.
33. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне кезекті біліктілік санаты оқытатын бейініне сәйкес беріледі.
34. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) біліктілік санаттары диплом бойынша және атқаратын лауазымы ескеріле отырып беріледі.
35. Білім беру ұйымынан әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға ауысқан немесе білім беру қызметін ұйымдастырған кезде педагогте қолданыстағы "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады (теңестіріледі).
36. "Өзін-өзі тану" пәнін оқыту кезінде педагогте біліктілік санаты "Өзін-өзі тану" пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы құжат болған жағдайда бұрын оқытқан пән бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
37. Кезекті, мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде "Өзін-өзі тану" пәні бойынша педагогтер дипломындағы мамандығы бойынша немесе "Өзін-өзі тану" пәні бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өтеді.
38. Бейініне сәйкес келмейтін педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда біліктілік санаты беріледі.
39. Психологиялық, диагностикалық (білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін айқындау бөлігінде), түзету, әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес немесе біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курстарынан өтуді ескере отырып, "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-мастер" біліктілік санаты беріледі.
40. "Көркем еңбек" пәні бойынша педагогтерге кезекті біліктілік санатын беруде "Технология", "Бейнелеу өнері", "Сызу" мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып, кәсіптік оқыту негізге алынады.
41. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілгеннен басқа мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары немесе қайта даярлау курстары туралы құжат негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
42. Арнайы білім беру ұйымдарында дипломда көрсетілген пәндерді оқытатын педагогтерге кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары немесе қайта даярлау курстары туралы құжат негізінде оқытатын пәндері бойынша жүргізіледі.
43. Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санаты дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес беріледі, бұл ретте портфолиода ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілген жұмыстар бойынша материалдар көрсетіледі.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі
44. Біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын алатын педагогтер осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес келеді және № 83 бұйрыққа сәйкес ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырады.
45. Біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын алуға мынадай санаттағы адамдар қатысады:
1) "педагог-модератор" біліктілік санатына:
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін білім беру ұйымдарына алғаш рет жұмысқа қабылданған, педагогикалық практикаға оң баға алған, диплом бойынша орташа балы:
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом - GPA көрсеткішінің 3 балынан төмен емес;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом - GPA көрсеткішінің 4,5 балынан төмен емес.
пәнді (пәнді) ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес білетінін растайтын сертификаты (куәлігі) бар адамдар;
2) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
қалалық (аудандық) деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған адамдар;
қалалық (аудандық) деңгейдегі кәсіби конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және астана) деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған адамдар;
ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
білім беру ұйымдарына өндірістен, бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
бейінді пән бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын адамдар.
3) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған адамдар;
облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар болып табылатын адамдар;
республикалық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған адамдар;
ғылым кандидаты/доктор немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар адамдар.
4) "педагог-шебер" біліктілік санатына:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған адамдар;
республикалық деңгейдегі кәсіби конкурстардың жеңімпаздары немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар болып табылатын адамдар;
педагогикалық практикада ғылыми негізделген әдістерді, сондай-ақ Республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен оқыту мен тәрбиелеудің авторлық технологияларын жүйелі түрде пайдаланатын халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған адамдар.
46. Комиссияның педагогтің біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру бойынша шешім қабылдау жөніндегі жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 14, 15, 16, 17-тармақтарында реттелген.
3-параграф. Педагогтерге біліктілік санатын беру рәсімінсіз біліктілік санатын беру тәртібі
47. Жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа алғаш рет қабылданғанда "педагог-модератор" біліктілік санатын алу үшін ұлттық біліктілік тестілеуі теріс нәтиже көрсетсе, "педагог" біліктілік санаты беріледі.
48. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын "үздік" бітірген адамдарға "педагог-модератор" біліктілік санаты ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей беріледі.
49. "Болашақ" бағдарламасының түлектері болып табылатын адамдарға, сондай-ақ Президенттік кадрлық резервке енген адамдарға, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылған тізімге кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінсіз "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты беріледі.
50. "Педагог-модератор" біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 60-65 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
"Педагог-сарапшы" біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 66-78 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
"Педагог-зерттеуші" біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 7 балл; TOEFL - 79-95 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
"Педагог-шебер" біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS -7,7 балл; TOEFL - 96 - 110 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
51. Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.
|
Педагогтерге біліктілік |
|
нысан |
Портфолионы қабылдау-табыстау актісі
"___" ________ 20__ ж.
Біз, төменде қол қоюшылар, Сараптамалық кеңестің төрағасы
__________________________________________________________________________
(тиісті деңгей) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
бір тараптан және Комиссия төрағасы
_______________ ________________________________________
(тиісті деңгей) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
екінші тараптан, портфолио (электрондық/қағаз түрінде) тапсырылғаны және қабылданғаны туралы акт жасадық:
№ |
Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Лауазымы |
Біліктілік санаты |
|
Қолданыстағы |
Өтініш берілетін |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырды: _______ ___________________ Сараптамалық
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
комиссияның төрағасы
Қабылдады: ______ ___________________ Біліктілік санатын
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
беру комиссиясының төрағасы
|
Педагогтерге біліктілік |
|
нысан |
Бағалау өлшемшарттары |
Біліктілік санаты |
|||
Педагог-модератор |
Педагог-сарапшы |
Педагог-зерттеуші |
Педагог-шебер |
|
Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейі |
Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру динамикасы-3% |
Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру динамикасы-7% |
Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру динамикасы-10% |
Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру динамикасы-15% |
Сабақ өткізу сапасы |
Білім беру ұйымы өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (аудан/қала) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (облыстың/республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (3-тен кем емес) |
Сабақтарды бақылау парақтары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (облыстың/ республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) өкілдерінің ұсынымдарымен) (3-тен кем емес) |
Тәрбиеленушілердің жетістіктері |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі (бар болған жағдайда) |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі (бар болса) |
Республикалық/ халықаралық деңгей (бар болған жағдайда) |
Педагогикалық тәжірибені жалпылау 1 |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі |
Республикалық деңгей (өз авторлық идеясын іске асыру негізінде) |
Педагогтің кәсіби жетістіктері |
Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға және өзге де іс-шараларға қатысу |
1 Тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу туралы құжат, конференцияларда сөз сөйлеу (іс-шара бағдарламасы және іс-шара жинағында жарияланған сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі), әдістемелік материалдарды әзірлеу (тиісті деңгейдегі оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған), семинарлар, мастер-кластар өткізу
Ескерту: біліктілік санатын беруге (растауға) арналған педагог портфолиосын бағалаудың барлық өлшемшарттары санат беру (растау) рәсімдері арасындағы кезең ішінде ұсынылады, міндетті болып табылады.
Біліктілік санатын беру (растау) үшін жалпы орта білім беру ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Бағалау өлшемшарттары |
Біліктілік санаты |
|||
Педагог-модератор |
Педагог-сарапшы |
Педагог-зерттеуші |
Педагог-шебер |
|
Білім алушылардың білім сапасы |
Білім сапасының өсу динамикасы - 3% |
Білім сапасының өсу динамикасы - 7% |
Білім сапасының өсу динамикасы - 10% |
Білім сапасының өсудинамикасы - 15% |
Оқыту сапасы |
Білім беру ұйымы өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (аудан/қала) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (3-тен кем емес) |
Сабақтарды бақылау парақтары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкілдерінің ұсынымдарымен) (3-тен кем емес) |
Білім алушылардың жетістіктері |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі |
Республикалық/ халықаралық деңгей |
Педагогикалық тәжірибені жалпылау 2 |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі |
Республикалық деңгей (өз авторлық идеясын іске асыру негізінде) |
Педагогтің кәсіби жетістіктері |
Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға қатысу |
1 Егер білім сапасы кемінде 70% құраса, бұл өлшемшарт міндетті емес;
2 Тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу туралы құжат, конференцияларда, симпозиумдарда сөз сөйлеу (іс-шара бағдарламасы және іс-шара жинағында жарияланған сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі), әдістемелік материалдарды әзірлеу (тиісті деңгейдегі оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған), семинарлар, мастер-кластар өткізу
Ескерту: біліктілік санатын беру (растау) үшін педагогтің портфолиосын бағалаудың барлық өлшемшарттары санат беру (растау) рәсімдері арасындағы кезең ішінде ұсынылады, міндетті болып табылады.
Біліктілік санатын беру (растау) үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Бағалау өлшемшарттары |
Біліктілік санаты |
|||
Педагог-модератор |
Педагог-сарапшы |
Педагог-зерттеуші |
Педагог-шебер |
|
Білім алушылардың білім сапасы 1 |
Білім сапасының өсу динамикасы - 3% |
Білім сапасының өсу динамикасы - 7% |
Білім сапасының өсу динамикасы - 10% |
Білім сапасының өсу динамикасы - 15% |
Біліктілікті арттыру курстарынан өту (онлайн-курстарды және қашықтықтан оқытуды есептемегенде) |
Жалпы сағат көлемі 72 сағаттан кем емес |
Жалпы сағат көлемі 144 сағаттан кем емес |
Жалпы сағат көлемі 216 сағаттан кем емес |
Жалпы сағат көлемі 288 сағаттан кем емес |
Оқытудың инновациялық білім беру технологияларын енгізу |
Педагог қолданатын оқыту технологиялары көрсетілген әдіскердің пікірі (біреуден кем емес) |
Педагог пайдаланатын оқыту технологияларын көрсете отырып, ТжКБ ұйымы басшысы орынбасарының пікірі (біреуден кем емес) |
Педагог пайдаланатын оқыту технологиялары көрсетілген ТжКБ ұйымы басшысының пікірі (екуден кем емес) |
Педагог пайдаланатын оқыту технологиялары көрсетілген ТжКБ ұйымы басшысының пікірі (үшеуден кем емес) |
Оқыту сапасы |
Білім беру ұйымы өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Білім беру ұйымы өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (3-ден кем емес) |
Білім беруді басқару органдары өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана) (3-тен кем емес) |
Білім беруді басқару органдары өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана) (3-тен кем емес) |
Білім алушылардың жетістіктері |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі |
Республикалық/ халықаралық деңгей |
Педагогикалық тәжірибені жалпылау 2 |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі |
Республикалық деңгей (өз авторлық идеясын іске асыру негізінде) |
Педагогтің кәсіби жетістіктері |
Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға және өзге де іс-шараларға қатысу |
1 Егер білім сапасы кемінде 70% құраса, бұл өлшемшарт міндетті емес;
2 Тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу туралы құжат, конференцияларда, симпозиумдарда сөз сөйлеу (іс-шара бағдарламасы және іс-шара жинағында жарияланған сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі), әдістемелік материалдарды әзірлеу, семинарлар, мастер-кластар өткізу
Ескерту: біліктілік санатын беру (растау) үшін педагогтің портфолиосын бағалаудың барлық өлшемшарттары санат беру (растау) рәсімдері арасындағы кезең ішінде ұсынылады, міндетті болып табылады.
Біліктілік санатын беру (растау) үшін қосымша білім беру ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Бағалау өлшемшарттары |
Біліктілік санаты |
|||
Педагог-модератор |
Педагог-сарапшы |
Педагог-зерттеуші |
Педагог-шебер |
|
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таңдаған білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейі (әзірленген диагностикалық құралға сәйкес 1) |
Бағдарлама 40% меңгерілді |
Бағдарлама 60% меңгерілді |
Бағдарлама 80% меңгерілді |
Бағдарлама 90% меңгерілді |
Оқыту сапасы |
Білім беру ұйымы өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (аудан/қала) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (3-тен кем емес) |
Сабақтарды бақылау парақтары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкілдерінің ұсынымдарымен) (3-тен кем емес) |
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктері |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі |
Республикалық/халықаралық деңгей |
Педагогикалық тәжірибені жалпылау 2 |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі |
Республикалық деңгей (өз авторлық идеясын іске асыру негізінде) |
Педагогтің кәсіби жетістіктері |
Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға қатысу |
1 Әрбір білім беру бағдарламасы үшін диагностикалық құралдарды қосымша білім беру ұйымы әзірлейді;
2 Тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу туралы құжат, конференцияларда, симпозиумдарда сөз сөйлеу (іс-шара бағдарламасы және іс-шара жинағында жарияланған сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі), қызмет бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын немесе оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу (тиісті деңгейдегі оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған), семинарлар, мастер-кластар өткізу
Ескерту: біліктілік санатын беру (растау) үшін педагогтің портфолиосын бағалаудың барлық өлшемшарттары санат беру (растау) рәсімдері арасындағы кезең ішінде ұсынылады, міндетті болып табылады.
Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагогтің портфолиосын бағалау өлшемшарттары (арнайы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптардың (топтардың) педагогтері үшін)
Бағалау өлшемшарттары |
Біліктілік санаты |
|||
Педагог-модератор |
Педагог-сарапшы |
Педагог-зерттеуші |
Педагог-шебер |
|
Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі маман қызметінің нәтижелілігі (ПМПК педагогтерін қоспағанда)) |
Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру 40%-50% |
Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру 50%-60% |
Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру 60%-70% |
Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру 70%-80% |
Түзету-дамыту сабақтарының сапасы (ПМПК педагогтерін қоспағанда) |
Білім беру ұйымы өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (аудан/қала) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (2-ден кем емес) |
Әдістемелік кабинеттер (орталықтар) (облыстың/ республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (3-тен кем емес) |
Облыстық әдістемелік кабинеттер (орталықтар) өкілдерінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары (3-тен кем емес) |
Педагогикалық тәжірибені жалпылау 2 |
Білім беру ұйымының деңгейі |
Аудан/қала деңгейі |
Облыстың/республикалық маңызы бар қалалардың және астананың деңгейі |
Республикалық деңгей (өз авторлық идеясын іске асыру негізінде) |
Педагогтің кәсіби жетістіктері |
Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға қатысу |
1 Тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу туралы құжат, конференцияларда, симпозиумдарда сөз сөйлеу (іс-шара бағдарламасы және іс-шара жинағында жарияланған сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі), әдістемелік материалдарды әзірлеу (тиісті деңгейдегі оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған), семинарлар, мастер-кластар өткізу.
Ескерту: біліктілік санатын беру (растау) үшін педагогтің портфолиосын бағалаудың барлық өлшемшарттары санат беру (растау) рәсімдері арасындағы кезең ішінде ұсынылады, міндетті болып табылады.
Біліктілік санатын беру (растау) үшін әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Бағалау өлшемшарттары |
Біліктілік санаты |
|||
Педагог-модератор |
Педагог-сарапшы |
Педагог-зерттеуші |
Педагог-шебер |
|
Тиісті деңгейдегі оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған әзірленген әдістемелік құралдардың, ұсынымдардың, оқу-әдістемелік кешендердің болуы (авторы/тең автор) |
|
1-ден кем емес (аудан/қала деңгейі) |
2-ден кем емес (облыс деңгейі) |
3-тен кем емес (республикалық/ халықаралық деңгей) |
Психологиялық-педагогикалық басылымдардағы жарияланымдар, ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда, съездерде, форумдарда сөз сөйлеу |
2-ден кем емес |
3-тен кем емес |
4-тен кем емес, оның ішінде 2-і республикалық деңгейде |
5-тен кем емес, оның ішінде 3-і республикалық и халықаралық деңгейде |
Педагогтердің сабақтарын бақылау |
Сабақтарды бақылау парағы (5-тен кем емес) |
Сабақтарды бақылау парағы (10-нан кем емес) |
Сабақтарды бақылау парағы (15-тен кем емес) |
Сабақтарды бақылау парағы (20-дан кем емес) |
Жобаларға, зерттеу, инновациялық, эксперименталды қызметке қатысу (эксперименталды/инновациялық алаңның қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, зерттеулер жүргізу, жобаларға (әдістемелік, дипломдық және т. б.) рецензия беру |
Білім беру ұйымының басшысы қол қойған аралық/қорытынды нәтижелерді ұсыну арқылы қатысу туралы анықтама; рецензиялардың көшірмелері |
|||
Әдіскердің кәсіби жетістіктері |
Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға (аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері - облыстық деңгейден төмен емес; облыстық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері - республикалық деңгейден төмен емес) немесе республикалық деңгейдегі жұмыс топтарына қатысу |
Ескерту: біліктілік санатын беру (растау) үшін педагогтің портфолиосын бағалаудың барлық өлшемшарттары санат беру (растау) рәсімдері арасындағы кезең ішінде ұсынылады, міндетті болып табылады.
|
Педагогтерге біліктілік |
|
нысан |
Сабақтарды бақылау парағы (сабақтың бейнежазбасы рұқсат етіледі)
Сабақты бақылау күні: |
||
Сынып: |
||
Пәні: Тақырыбы: |
||
Педагог: |
||
Бақылаушы: |
||
№ |
Бақылау элеметтері |
Бағалау (v) |
1. |
Сабақтың жоспары ұсынылды |
|
2. |
Күтілетін нәтижесі: |
|
білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін ескереді |
|
|
зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған |
|
|
3. |
Педагог білім алушыларды сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерді қоюға тартады |
|
4. |
Сабақтың әр кезеңінде педагог барлық білім алушыларды белсенді оқуға тартады |
|
5. |
Оқу материалын зерделеуді ұйымдастыру кезінде педагог мыналарды қамтамасыз етеді: |
|
білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру |
|
|
білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қабілеттерін дамыту |
|
|
6. |
Сабақ барысында педагог АКТ ресурстарын пайдаланады: |
|
білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын сандық білім беру ресурстарын пайдаланады |
|
|
меншікті сандық білім беру ресурстарын пайдаланады |
|
|
оқушылардың бірлескен жұмысы үшін желілік ресурстарды іске қосады |
|
|
7. |
Педагог әрбір білім алушының/тәрбиеленушінің оқу мақсаттарына қол жеткізу бойынша прогресін қадағалайды |
|
8. |
Педагог білім алушыларды/тәрбиеленушілерді бағалау процесіне тартады |
|
9. |
Педагог білім алушыларға/тәрбиеленушілерге сындарлы кері байланыс беру үшін жағдай жасайды |
|
Қосымша бақылау элементтері |
|
|
10. |
|
|
11. |
|
|
12. |
|
|
Кері байланыс және ұсынымдар: |
Бақылаушы: _______________________________________________________________
Қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Сабақтарды бақылау парағы (арнайы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптардың (топтардың) педагогтері үшін (сабақтың бейнежазбасы рұқсат етіледі)
Сабақты бақылау күні: |
||
Баланың тобы немесе жасы: |
||
Диагнозы: |
||
Пәні: Тақырыбы: |
||
Педагог: |
||
Бақылаушы: |
||
№ |
Бақылау элементтері: |
Бағалау (v) |
1. |
Жеке дамыту бағдарламасы немесе жеке/топтық жұмыстың түзету-дамыту бағдарламасы ұсынылған |
|
2. |
Күтілетін нәтижелер: |
|
баланың (балалардың) жас ерекшеліктерін және кемістіктің көріну дәрежесін ескереді |
|
|
баланың (балалардың) дамуының бұзылуын түзетуге бағытталған |
|
|
3. |
Сабақты жоспарлау кезінде баланың (балалардың) даму аймағы мен жеке ерекшеліктері ескерілді |
|
4. |
Педагог тапсырмаларды орындауға психологиялық көңіл-күйді пайдаланады |
|
5. |
Дағдыларды қалыптастыру кезінде педагог мыналарды ескереді: |
|
бұзылысы |
|
|
баланың жасы |
|
|
баланың ең жоғарғы мүмкіндіктері мен қабілеті |
|
|
баланың даму деңгейі |
|
|
пәндік орта (кабинетте және үйде) |
|
|
6. |
Сабақ барысында педагог: |
|
нәтижелерге жету үшін дайын компьютерлік бағдарламаларды қолданады |
|
|
жеке әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды қолданады |
|
|
ата-аналарды оңалту процесінде бірлесіп жұмыс істеуге қатыстырады |
|
|
7. |
Педагог баланы тапсырмаларды орындау кезінде ынталандырады |
|
8. |
Педагог баланың қызметін бағалайды |
|
|
Қосымша бақылау элементтері |
|
10. |
|
|
11. |
|
|
12. |
|
|
|
Кері байланыс және ұсынымдар: |
|
Бақылаушы: _______________________________________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы
|
Педагогтерге біліктілік |
|
нысан |
Біліктілік санатын беру (растау) үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау парағы
__________________________________________________________________
(өтініш берілген біліктілік санаты)
Педагог: __________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Портфолио бөлімдері |
Түсініктеме |
Біліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейінің көрсеткіштері |
|
Тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері, тәжірибені қорытуды растайтын құжаттардың көшірмелері |
|
Сабақты бақылау парақтары |
|
Педагогтің кәсіби жетістіктерін, сондай-ақ тәлімгерлігін растайтын құжаттардың көшірмелері ("педагог-модератордан" басқа) |
|
Ұсыным |
|
Біліктілік санатын беру (растау) үшін жалпы орта білім беру ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау парағы
_______________________________________________________
(өтініш берілген біліктілік санаты)
Педагог: __________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Портфолио бөлімдері |
Түсініктеме |
Білім алушылардың барлық кезеңдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау, оқушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын білім сапасының көрсеткіштері |
|
Білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері, тәжірибені қорытуды растайтын құжаттардың көшірмелері |
|
Сабақты бақылау парақтары |
|
Педагогтің кәсіби жетістіктерін, сондай-ақ тәлімгерлігін растайтын құжаттардың көшірмелері ("педагог-модератордан" басқа) |
|
Ұсыным |
|
Біліктілік санатын беру (растау) үшін қосымша білім беру ұйымы педагогінің _______________________________________________________
(өтініш берілген біліктілік санаты)
Педагог: __________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Портфолио бөлімдері |
Түсініктеме |
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таңдаған білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейінің көрсеткіштері (әзірленген диагностикалық құралдарға сәйкес) |
|
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері, тәжірибені қорытуды растайтын құжаттардың көшірмелері |
|
Сабақты бақылау парақтары |
|
Педагогтің кәсіби жетістіктерін, сондай-ақ тәлімгерлігін растайтын құжаттардың көшірмелері ("педагог-модератордан" басқа) |
|
Ұсыным |
|
Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагогтің портфолиосын бағалау парағы (арнайы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптардың (топтардың) педагогтері үшін)
_______________________________________________________
(өтініш берілген біліктілік санаты)
Педагог: __________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Портфолио бөлімдері |
Түсініктеме |
Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша маман қызметінің нәтижелілік көрсеткіштері (ПМПК педагогтерін қоспағанда) |
|
Тәжірибені қорытуды растайтын құжаттардың көшірмелері |
|
Түзету-дамыту сабақтарын бақылау парақтары (ПМПК педагогтерін қоспағанда)) |
|
Педагогтің кәсіби жетістіктерін, сондай-ақ тәлімгерлігін растайтын құжаттардың көшірмелері ("педагог-модератордан" басқа) |
|
Ұсыным |
|
Біліктілік санатын беру (растау) үшін әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің портфолиосын бағалау парағы
_______________________________________________________
(өтініш берілген біліктілік санаты)
Педагог: __________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Портфолио бөлімдері |
Түсініктеме |
|
|
Тиісті деңгейдегі оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған әзірленген әдістемелік құралдардың, ұсынымдардың, оқу-әдістемелік кешендердің болуы (авторы/тең авторы) |
|
|
|
Әдіскердің кәсіби жетістіктерін, сондай-ақ тәлімгерлігін растайтын құжаттардың көшірмелері ("педагог-модератордан" басқа) |
|
|
|
Психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда сөйлеген сөздері |
|
|
|
Жобаларға, зерттеу, инновациялық, эксперименталды қызметке қатысу (эксперименталды/инновациялық алаңның қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, зерттеулер жүргізу, жобаларды (әдістемелік, дипломдық және т. б.) рецензиялау |
|
|
|
Ұсыным |
|
|
|
|
Педагогтерге біліктілік |
||
|
нысан |
||
Сараптамалық кеңестің педагог қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалы жинақтау бойынша ұсынымдары
Өтініш берілген біліктілік санаты _____________________________________________
№ |
Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Лауазымы |
Өтініш берілген деңгей |
Сараптамалық кеңестің ұсынымдары |
|
|
|
|
|
Сараптамалық кеңестің құрамы:
_______________________ _______________________ _________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) жұмыс орны, лауазымы (қолы)
_______________________ _______________________ _________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) жұмыс орны, лауазымы (қолы)
_______________________ _______________________ _________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) жұмыс орны, лауазымы (қолы)
_______________________ _______________________ _________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) жұмыс орны, лауазымы (қолы)
_______________________ _______________________ _________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) жұмыс орны, лауазымы (қолы)
Күні : "__" _________ _____ ж.
|
Педагогтерге біліктілік |
|
нысан |
Біліктілік санатын беру (растау) жөніндегі Комиссия отырысының хаттамасы
"___" ___________________ 20____жыл
Комиссия төрағасы:
__________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің нәтижелері бойынша Комиссия ШЕШІМІ:
1. Өтініш берілген біліктілік санатына мына педагогтер сәйкес келеді:
№ |
Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Лауазымы |
Міндетті/мерзімінен бұрын |
Қолда бар біліктілік санаты |
Өтініш берілген біліктілік санаты |
Берілген біліктілік санаты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Өтініш берілген біліктілік санатына мына педагогтер сәйкес келмейді:
№ |
Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Лауазымы |
Міндетті/мерзімінен бұрын |
Қолда бар біліктілік санаты |
Өтініш берілген біліктілік санаты |
Берілген біліктілік санаты |
Себебі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасы ______________________________
(қолы)
Комиссия мүшелері: ______________________________
(қолы)
______________________________
(қолы)
______________________________
(қолы)
______________________________
(қолы)
Хатшы: ______________________________
(қолы)
|
Педагогтерге біліктілік |
|
нысан |
Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Комиссия отырысының хаттамасы
"___"___________________ 20____ жыл
Комиссия төрағасы: ________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің қорытындысы бойынша Комиссияның ШЕШІМІ:
Мына педагогтердің біліктілік санатының мерзімі ұзартылсын:
№ |
Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Лауазымы |
Қолда бар біліктілік санаты |
Игеру |
|
Жарамдылық мерзімі |
Ұзартылған мерзімі |
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасы ______________________________
(қолы)
Комиссия мүшелері: ______________________________
(қолы)
______________________________
(қолы)
______________________________
(қолы)
______________________________
(қолы)
Хатшы: ______________________________
(қолы)
|
Педагогтерге біліктілік |
|
нысан |
Педагогке біліктілік санатын беру (растау) туралы КУӘЛІК
Осы куәлік ________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі комиссияның 20___ жылғы "___" ________ шешіміне сәйкес
__________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының немесе білім басқармасы органының толық атауы)
20___ жылғы "___" ________ № _____ бұйрығымен
__________________________________________________________________________
(лауазымның аталуы)
лауазымы бойынша _______________________________ біліктілік санаты берілгені (расталғаны) үшін берілді.
Осы куәлік 20____жылғы "____"______________ дейін жарамды.
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Мөр орны
Тіркеу нөмірі __________________
Берілген күні "____" __________ 20 ____ ж.
|
Педагогтерге біліктілік |
|
нысан |
Біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы
р/с |
Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Лауазым атауы және берілген/расталған біліктілік санаты |
Комиссия шешімінің күні |
Біліктілік санатын беру/растау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі |
Куәліктің берілген күні |
Педагогтің алғанын растайтын қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
|
|
||||||