Текст
«Қайнар» балалар аулалық клубының қосымша білім беру педагогы А.С.Мамеева «Бұл мейірімді ертегі» атты ойын сағатын өткізді. Мақсаты мен міндеті: ұжымды біріктіру; үйірме ішінде достық қатынасты нығайту;шығармашылық қабілеттерін дамыту;зияткерлік деңгейлерін арттыру; оқулықтарды насихаттау. Аталған іс-шара бірнеше кезеңдерде өткізілді. Балалар әлем ертегілері бойынша білімдерін көрсетті.Балалар ертегі кейіпкерлерін табу бойынша ребустар мен сөзжұмбақтар шешіп жарысты.Сонымен қатар балаларға ертегідегі заттарды табу сайысы қатты ұнады. Балалар осы тапсырмаларды еш қиындықсыз орындап шықты. Сабақ спорттық жаттығулар орындаумен аяқталды.