Текст
2021 жылдың 17 ақпан күні «Әулет» МТЖО-да «Ауғанстан 32 жылдан кейін» онлайн іс-шарасы өткізілді. Ақмола облысының Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы полковник Ыбрай Дуанбай Қозыбайұлы мен Ақмола облысының Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері Одағы төрағасының орынбасары подполковник Сыздықов Жақсылық Нұрмұхамбетұлы шақырылды. Іс-шара барысында қонақтар Ауғанстандағы қызметі туралы айтып, «Жас Ұрпақ» үйірмесі тәрбиеленушілерінің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара сәтті өтті.