Текст
22 ақпан күні "Әулет" МТЖО "Қайнар" балалар аулалық клубында 1 - Наурыз - Алғыс айту күніне орай "Жүректен жүрекке" атты музыкалық-ойын бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: "алғыс айту", "ризашылық білдіру" ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға, қоршаған ортаға тигізетін әсерін балаларға ұғындыру. "Сіз", "біз" деген сөз - жылытады жүректі деп басталған іс-шара барысында балалар алғыс білдірушілік сезімдерін бір-біріне гүл сыйлау арқылы жеткізді. Жауапты педагог: Оспанова Б.К.