Текст
2021 жылдың 11 - наурыз күні «Қайнар» балалар аулалық клубының қосымша білім беру педагогы - А.С.Мамеева «Ақылдылар мен тапқырлар» атты зияткерлік ойын өткізді. Мақсаты: математикалық есептерді шығаруға қызығушылықтарын арттыру; дәстүрлі емес формадағы тапсырмаларды орындауға ойлау қабілеттерін дамыту; шыншыл болуға, бір - бірін сыйлай білуге тәрбиелеу. Сергіту жаттығулары арқылы балалар өздерінің жақсы көңіл - күйлерін көрсетті. Сөзжұмбақ, ребустарды шешу кезінде балалар бір - біріне көмектесіп, барлық тапсырмаларды орындап шықты. Балалар өткізілген түрлі сайыстарға белсене қатысып, клубтың ішін жақсы көңіл күйге толтырды.