Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай, 2021 жылдың 15 сәуір күні «Жас Ұлан» ББЖҰ көшбасшылары қала әкімінің орынбасары У.Б.Бейсембаев пен адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апатты жоюшылардың қатысуымен «дөңгелек үстелге» қатысты.
Кездесу барысында ликвидаторлар балаларға не көргендерін айтып берді, балалар барлық ликвидаторлардың ел алдындағы зор жауапкершілікті түсінетінін білді. Радияциялық қауіптілігі жоғары аймақта бола отырып, халықты да, қоршаған ортаны да залалсыздандыру жүргізілді. Өз өмірлерін қатерге тігіп, олар апат аймағында қалған адамдарды да, одан тыс жерде жүргендерді де саналы түрде құтқарды.
Жиын барысында өздеріне жүктелген міндетті абыроймен өтеп шыққан азаматтарды еске алды. Чернобыльдегі апатқа қатысушылардың ерлігі қашанда ұмытылмайтынын айтты. Чернобыль апатын жойған батырларға мың тағзым!