Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Аутизм ауру емес, ол ерекше балалар" ақпараттық сағаты

16.04.2021

2021 жылдың 14 сәуір күні «Қайнар» балалар аулалық клубында «Аутизм ауру емес, жай - күй» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс - шара барысында "Let's speak English" үйірмесінің тәрбиеленушілері «аутизм» түсінігімен таныс болды. Үйірмешілер аутизм спектрі бұзылған балаларға әлеуметтік бейімделуге көмек пен шыдамдылық қажет екенін білді.

Мейірімділік - бұл мүмкіндіктерді іске асырудың және қарым - қатынастағы кедергілерді жеңудің кілті. Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктерін неғұрлым тез түсініп, қабылдасақ, оларға осындай қолдау көрсету оңайырақ болады. Іс - шара барысында  тәрбиеленушілер осы тақырып бойынша бейнематериалдарды қарап, педагогтың сұрақтарына жауап берді және аутизммен ауыратын балалардың тәсілдерін талқылады.

 

Просмотров: 196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст