2021 жылдың 28 сәуір күні «Мұрагер» балалар аулалық клубында 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Біз бәріміз бірдейміз» мерекелік іс-шара өтті. Балалар педагогтармен бірге қазақтардың, татарлардың, кәрістердің, орыстардың, украиндардың, өзбектердің тағамдары мен мәдениетін ұсынды. Іс - шараның қонақтары болып «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының жетекшісі - Игибаева Айнагуль Калымтаевна мен қосымша білім беру педагогі - Дегоян Рузанна Вазгеновна келді.
Іс - шара қорытындысы бойынша 1 орынға "Fantastic English" үйірмесі, 2 орынға "Юный гитарист" үйірмесі, 3 орынға "Шабыт" үйірмесі ие болды. Басқа үйірмелер қатысқандары үшін дипломдармен марапатталды.
Біз, «Мұрагер» БАК педагогтары барлығын Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз!