Текст
2025 жылғы 26 маусымда «Әулет» МТЖО «Балдәурен» балалар аула клубында жазғы демалыс алаңдарының бекітілген жоспарына сәйкес «Спорт әлемінде» атты спорттық эстафета өткізілді.
Іс-шара барысында клуб тәрбиеленушілері үлкен қызығушылықпен «Аспанға жет», «Түсірмей жеткіз», «Теңіз толқыны» сынды ойындарды ойнады. Эстафета көңілді әрі қызықты өтті. Балалар жаңа ойындарды үйреніп, бір-бірімен танысты. Жаз мезгілі, клуб және осындай ойындардың арқасында балалардың қарым-қатынас шеңбері кеңейе түсті.