Текст
«Қызылжар» ауылының Көпсалалы инновациялық колледжінде өтіп жатқан «Игі істер үшін» жазғы лагерінің екінші маусымы сәтті бастау алды.*
Балалар алғашқы күннен бастап белсенділік танытып, бір-бірімен танысып, жақсы қарым-қатынас орната білді. Қазірдің өзінде олар арасында достық пен бірлік рухы қалыптасып келеді. Жазғы маусым жарқын естеліктерге толы боларына сенім мол!