Текст
2021 жылдың 24 маусым күні «Қайнар» балалар аулалық клубында онлайн «Алғырлар мен тапқырлар» ойын алаңы өткізілді. Бірінші турда үйірмешілер атақты жазушылардың ертегі кейіпкерлерін дәйексөз бойынша тауып шешті. Екінші турда ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды шешті.Іс-шара көңілді ортада өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты мен міндеттері: оқушылардың оқуға және математикаға деген қызығушылықтарын арттыру,дәстүрлі емес түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, бір-бірін сыйлауға, адал болуға тәрбиелеу.
Жауапты қосымша білім беру педагогы: Мамеева А.С.