6 қыркүйек күні Орталық калалық үлгілі кітапхананың балалар бөлімі "Мұрагер" балалар аулалық клубымен бірігіп "Бақытты отбасы дүниенің негізі" атты әдеби- отбасылық мерекелік іс-шарасын өткізді. Іс – шараның мақсаты: Оқушылардың жанұя, отбасы жайлы білген білімдерін арттыру, жас ұрпаққа адамның өміріндегі ең басты құндылық – отбасы екендігін түсіндіру.
Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылармен отбасы тақырыбында әңгіме жүргізілді. Отбасы күні мерекесінің тарихы туралы айтылып, эксперимент өткізілді, балалар "Мені тап" ойыны ойнатылды. "Мұрагер" аулалық клубының домбырашылары іс-шараға келген қонақтардың назарына өздерінің орындауында күйлерін ұсынды. Сонымен қатар осы іс-щараға арнайы қонақ ретінде щақыртылған Гудыменко Валентина Сергеевна оқушылардың назарына өзінің отбасы тарихы жайлы айтып кетті .