«Қайнар» БАК мәдени қарым-қатынастың негізгі этикалық нормалары мен дағдылары туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында "Әдептілік әліппесі" атты тақырыптық сағат өтті. Балалар әдептілік ережелерімен және қоғамдағы мінез-құлықпен танысты. Викторина сұрақтары тәрбиеленушілердің ой-өрісін кеңейтіп, қоғамда мінез-құлық ережелерінің сақталуы,жақсы мәнерлер туралы білімдерін байытты. Іс-шара кіші ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға баулуға,қазақтардың тарихы мен салт-дәстүрлеріне мәдени деңгейін және қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар тәрбиеленушілердің адамгершілік нормалары мен этикет ережелеріне сәйкес өзін ұстай білуін дамытуға ықпал етті. «Әдептілік білгірлері», «Сыпайы сөздер», «Қателеспе» атты ойындар өткізілді. Осы күнді клубта өткізе отырып, балалар көптеген пайдалы және қызықты нәрселерді білді.
Орындаған: Садретдинова Н. В.