Алғыс айту күні-ерекше мереке.Бұл көктемгі күн ашық жүректер жылуымен және жарығымен және шынайы тілектермен толы. Дәл осы күні 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл барлық этностардың бір-біріне мейірімділік көрсеткен алғыс күні.Алғыс айту күнін мерекелеуге байланысты "Шаңырақ" тілдерді оқыту клубында клуб пен "Әулет" МТЖО тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар мерекенің барлық қатысушыларына алғыс айтып, өз туған мемлекетіне үлкен рахмет айтты. Біздің елімізге бақ-береке және гүлдену тіледі. Барлық балалар ұстаздарға, ата-аналарға, достарына жылы лебіздерін білдірді. Мерекеде балалар өздерінің музыкалық қабілеттерін және таланттарын көрсетті, түрлі тілде өлеңдер оқыды, ән айтты. Мерекеден кейін барлығы тәтті үстелге шақырылды. Әр балада тамаша көңіл-күй, көптеген жағымды эмоциялар болды.Осындай жарқын, қуанышты және таза мерекелер әр баланың өмірінде көп болсын!