«Қайнар» балалар аулалық клубының педагогі А.С.Мамеева «Полиглот» зияткерлік ойынын өткізді. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:оқушыларды орыс, қазақ, ағылшын халықтарының мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне баулу; полилингвистикалық тұлғаны тәрбиелеу, интеллектіні дамыту; тілдерге танымдық қызығушылығын, ұжымшылдық сезімін, өзара көмек көрсетуді тәрбиелеу. Іс-шара басында үйірмешілер екі топқа бөлінді- "Қайнар" және "Победители".Командалардың капитандары "Жұмбақ" атты бірінші турының тапсырмасын жақсы орындап шықты, онда қазақ, орыс тіліндегі сөздерін ағылшын тілдеріне аудару керек болды.Балалар қазақ және орыс тілдерінде мақал-мәтелдерді жинап, олардың мағынасын түсіндірді.Мақал-мәтелдер сайысы әр команда мүшелерін біріктірді, бұл әр ұжымға келесі тапсырмаларды орындауға көмектесті.Фразеологиялық турда үйірмелерге қанатты сөздерді қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше аудару үшін біраз уақыт қажет болды.Команда капитандары Рыспаева Жансая мен Жұмабек Асылхан жақсы көшбасшылық қасиеттер мен жақсы білім көрсетті.Іс-шара көңілді және достық атмосферада өтті.