Қазақ тілін латын графигінде қолдану мақсатында кәсіптік қарым-қатынас жүйесінде, білім беру жүйесінде, іс жүргізу жүйесінде іскерлік ойын форматында және көктемгі демалыс кезінде балалардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 29 наурыз бен 2 сәуір аралығында "Әулет" МТЖО базасында "Тіл-парасаты"іскерлік ойынының 6 кезеңі өтті.
Ойын кезінде қатысушылардың оқыту тіліне қарамастан барлық атаулар, БАҚ және іс қағаздарын жүргізу латын графикасын қолданумен қазақ тілінде жүргізілді.
Сондай-ақ, латын графикасына қазақ тілін түсіну мен пайдалануды жеңілдету үшін ойын басталмас бұрын ойын моделіне "батыру" жүргізілді және оның барысында барлық қатысушылар іскерлік ойын аясында жаңа әліпбиді пайдалануды үйренді.
Ойынға қатысқаннан кейін Көкшетау қаласының әрбір білім беру ұйымы «Қазақ тілінде латын графикасын қолдану"тақырыбында мазмұнды кітапша дайындайды.Ойынның тікелей басқаруы мен өткізілуін әдістемелік бөлім және "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығындағы"Арман Достар" тәлімгерлік шеберлік мектебі жүзеге асырды.