Салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыру және тәрбиеленушілерді қауіпсіз және сапалы тамақтану қағидаттарына тарту мақсатында, 2019 жылдың 6-сәуір күні «Қайнар» БАК «Денсаулығыңды сақта» атты тақырыптық сағат өткізілді.
Балалар өз білімдеріне сүйене отырып, денсаулық туралы сұрақтарға жауап беріп, дұрыс тамақтанудың пайдасы мен күн тәртібінің сақталуы туралы білді. Үйірмешілер сөзжұмбақтар шешті, викторина сұрақтарына жауап берді, өз денсаулығын сақтау және нығайту туралы айтты.
"Дұрыс тамақтану", "Спорттық", "Күн тәртібі" және т.б. станцияларға бара отырып, балалар салауатты өмір салты адамның көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, қандай азық-түлікті жеуге болмайтынын білді.
Іс-шара балалардың жақсы әдеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
Әр адам өз денсаулығына қамқорлық жасауы керек, өйткені ешкім саған қарағанда жақсы қамқорлық жасамайды деген қорытынды жасады тәрбиеленушілер.