Текст
Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы "Балдәурен" балалар аулалық клубының педагогі Алгазимова Алия Асылхановна өртке қарсы қауіпсіздік жоспары бойынша "Менің өрт кезіндегі іс-әрекетім" атты танымдық ойынын өткізді.Аталған іс-шаратөтенше жағдай туындаған жағдайда балалардың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.
Балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін қайталады, өрт кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша викторина сұрақтарына белсенді жауап берді,жұмбақтар шешті,мақал-мәтелдер құрастырды.