«Қайнар» балалар аулалық клубының педагогі- А.С. Мамеева қалалық балалар кітапханасында «Библиомарафон» атты зияткерлік ойынын өткізді.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: оқушылардың, мектеп кітапханасын пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру; оқылған шығармалар, кітап, кітапхана туралы бұрын алған білімдерін бекіту; алған білімдерін ақпаратты өз бетінше іздеу үшін тәжірибеде қолдануға үйрету; кітапқа ұқыпты қарауға, оқуға деген қызығушылықты тәрбиелеу. Іс-шара "Своя игра" телевизиялық ойын принципі бойынша құрылған. Үш тақырып беріледі. "Кітап сөресінде"," Әдеби кейіпкерлердің бенефисі", "Кітап – біздің досымыз"тақырыптарының бірін таңдап алған үйірмешілер кестеге ауысады. "Кітап сөресінде" және "Әдеби кейіпкерлердің бенефисі" балалардың ең танымал санаттары болды. "Кітап құрылымы "тақырыбы бойынша ең күрделі тапсырмалар болды, бірақ жалпы күш-жігердің арқасында балалар жеңіске жетті. «Детектив идёт по следу» және "Литературный герой" категориялары бойынша үйірмешілерде көптеген жағымды эмоциялар туды. Үйірмешілер- оқылған мәтелдерді талдады және дұрыс жауаптаға тиісті қорытындылар шығарды. Балалар жауап бере алмаған сұрақтар бойынша үйірмешілерге жаңа кітаптарды оқуға түрткі болды. Кітапхана қызметкерлерінің жағымды атмосферасы мен тілектестік қарым-қатынасы күні бойы жақсы көңіл-күй мен кітап оқуға деген тұрақты қызығушылық тудырды.