Текст
2019 жылдың 15-мамыр күні «Мұрагер» БАК-да отбасы күніне арналған іс-шаралар өтті. Мақсаты: балаларды отбасын,туған-туыстарын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.Іс-шара барысында балалар түрлі қозғалмалы, дидактикалық, сюжеттік-рөлдік ойындар ойнады. Өз отбастары туралы, ата-анасымен уақытты қалай өткізетіндері туралы айтты.Аталған іс-шараға «Шабыт», «Рукоделие», «Домбыра», «Юный гитарист» үйірмелерінің тәрбиеленушілері қатысты. Сонымен қатар А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тәжірбиешілері «Бірге ойнаймыз» атты іс-шара өткізді.