Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы күні» тәрбие сағаты

23.05.2019

«Қайнар» балалар аулалық клубында  Халықаралық отбасы  күніне арналған, «Отбасы күні» атты  тәрбие сағаты  өткізілді. Отбасы-біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең бастысы-жақын және туған адамдар, біз сүйетіндер, үлгі алатындарымыз, қамқорлық жасап, жақсылық пен бақыт тілейтіндеріміз. Отбасында біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен құрметтеуді үйренеміз. Іс-шараның мақсаты: балаларды ересектермен және балалармен қарым-қатынас ережелеріне үйрету; өзінің туған-туысқандарына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеу; бақытты отбасы туралы дұрыс түсініктерді қалыптастыру. Іс-шара басында балалар жаттығу ретінде ағылшын тілінде "Туыстар" атты сөзжұмбақ шешті. Мақал-мәтелдерді білу бойынша келесі тапсырмада үйірмешілер  жақсы білім көрсетті. Сонымен қатар педагог ағылшын тілінде  сергіту  сабағын өткізді. Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде отбасы туралы шағын жобаларды қорғаумен аяқталды.

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст