Текст
Балалар күніне арналған мереке қарсаңында, 31 мамырда «Мұрагер» балалар клубы «Әлемдегі ең бастысы - бұл біздің балаларымыз» аттыойын-сауықбағдарламасын өткізді.
Балалар үшін «Аңшы», «Үздік биші», «Көрші», «Музыка қобдишасы» және т.б көптеген қызықты ойындар өткізіліп, «Фиксики және достары» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.
Балалар «Лимбо», «Қаппен секіру» сияқты спорт ойындарына да белсенді қатысты.Ойын бағдарламасынан кейін балалармен асфальтқа сурет салу сайысы өткізілді. Бағдарламаның соңында балалар грамоталармен марапатталды.
Іс-шараға Көкшетау қаласының ОЮП ОПСПполиция инспекторлары қатысып, балаларға түрлі-түсті борды сыйға тартты. Барлығы: 126 бала мен 15 ата-аналар қатысты.