Текст
Балалық шақ - бұл армандар және ертегілер орындалатын уақыт.
1 маусымда «Мирас» аула клубынің есігі балаларға айқара ашылды. Аула клубының оқытушылары мен белсенділері балаларға арналған театрландырылған бағдарлама өткізді.
Іс-шара мақсаты:
- Балалар үшін бақытты көңіл-күй қалыптастыру, достық атмосфера, қолайлы климат.
- Балалардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету.
- Балалардың шығармашылық және танымдық белсенділігін дамыту.
- Позитивті тұлғаның ерекшеліктерін дамыту үшін білім беру.
Балалар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, хип-хоп биі ұсынылып, өлеңдер оқылды. Мереке күндері балалар конкурстарға, ойындарға, әндер мен музыкалық ойындарға қатысты. Олар асфальттағы суреттер байқауына үлкен ынтасын білдірді. Іс-шара соңында барлық жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен клубтың ең белсенді мүшелері клубтың өміріне белсенді қатысқаны үшін жүлделер мен сертификаттарға ие болды.
Балалар мен ата-аналар жақсы көңіл-күйде үйге қайтты.
Мерекеге қатысқан балалар саны – 52,14 ата –ана қатысты.