Текст
Бүгін, Қайнар балалар клубында, «Балалық шаққа саяхат» ойын-сауық бағдарламасы дайындалып өткізілді. Бағдарламаның басты мақсаты: балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау. Олар эстафеталарға қатысып, достық, спорт және балалық туралы өлеңдер оқып, жұмбақтарды шешті. Барлық жарыстардан кейін қызықты флэш-моб ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Бағдарлама соңында аңсап күткен «Жаз» мезгілін балалар осылайша қызықпен қарсы алды.