Текст
Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 20 маусымда Букпа шоқысына бір күндік жаяу саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараға Көкшетау қаласы білім беру мекемелерінен 90-тан астам бала қатысты. «Туризм және тауға өрмелеу» тобының жетекшісі Калашинов Жұмабай Нұғманұлы қатысушыларға Көкшетау қаласының қалыптасу тарихы туралы әңгімелеп берді. «Оқжетпес», «Бурабай», «Көшбасшы» және «Пупсики» атты 4 командаға бөлінген балалармәнерлеп оқу және музыкалық марафон жарыстарын өткізді. Жұмабай Нұғманұлы туристік шатырды орнату бойынша мастер-класс өткізді. Саяхаттан балалар көңілді оралды.