Көкшетау қаласының білім бөлімінің бастамасымен 28 маусым күні Көкшетау қаласының "Эко-парк" аумағында "Жаңа ұрпақ"күндізгі лагердің үшінші ауысымының жабылуы өтті. Бұл ауысым өте қызықты өтті. Мереке қарсаңында шатырлы лагерьде "Қала күніне"арналған эстафета өтті. Онда балалар екі топқа бөлініп, "кочки", "переправа", "бревно", "маятник", "паралельные перила", "велоэтап"байқауларында өз шеберліктерін көрсетті. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" мамандары "Қазақстандықтардың бірегейлігі, патриоттық рухы"тақырыбында сұхбат алаңы түрінде профилактикалық іс-шара өткізді. Бұл кездесу қазақстандық патриотизмді дәріптеу, оқушылардың жоғары патриоттық санасын қалыптастыру,өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Балалардың жанында ауысым бойы "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы жанындағы "Арман Достар" тәлімгерлік шеберлік мектебінің креативті тәлімгерлері және Ж.Мусин атындағы Қазақ педагогикалық колледжінің студенттері болды. Әр түрлі мектептерден келген барлық балалар бір үлкен команда ретінде топтастырылып, бірге жұмыс істеді.