Туристік шатырлы лагерьлер-оқушылардың белсенді жазғы демалысын ұйымдастырудың тиімді нысандарының бірі, балалар үшін қызықты және танымдық демалуға, өз денсаулығын нығайтуға, табиғатта денешынықтыру алуға, өзінтануға және табиғатпен бірігудің жаңа сезімдерін ашуға тамаша мүмкіндік.
Жазғы уақытта оқушылардың әр түрлі, мазмұнды демалысы мен бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы "Әулет" МТЖО "Саяхатшы" туристік шатырлы лагерін ұйымдастырды.
2019 жылғы 8-13 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының "Чайка" БСО аумағында Айыртау көлінде туристік шатырлы лагерьдің 1 ауысымы өтті.
Лагерьде 10-15 жас аралығындағы 12 бала демалды.Туристер жасақтар шатырларында 3-4 адамнан тұрды, балалардың бос уақытын ұйымдастыру туризм және спорт жөніндегі нұсқаушының басшылығымен қамтамасыз етілді.