2019 жылдың 22-29 шілде күндері аралығында Красный яр ауылындағы Агротехтикалық колледж базасында «Істі пайдамен» күндізгі лагердің бірінші ауысымы өтті.
Бірінші күні колледж директоры Жунус Шамиханович оқушыларға аумақбойынша экскурсия өткізіп,студенттер алатын мамандықтар туралы әңгімеледі.
Экскурсия барысында балалар студенттердің колледждің бау-бақшалары мен жылыжайларында көктемгі дала жұмыстары кезінде тәжірибеден қалай өтетінін көрді.
Күн сайын түскі асқа дейін балалар колледж шаруашылығына көмектесті: бақшаларды отау, қояндарды , қаздарды, күркетауықтарды және қойларды бағу.
Түстен кейін сағат 15:00-16:00 аралығында "Әулет" орталығының қосымша білім беру педагогтары балаларға қызықты мастер-класстар өткізді.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Инспектор темекі шегу мен алкогольдің зияны туралы әңгіме өткізді.
Салауатты өмір салты орталығы балалармен қызықты және жеке тақырыптар бойынша әңгімелесті.Балаларға күн сайын таза ауада спорттық ойындар өткізілді.
3 рет тамақтануын да атап өтпеуге болмайды.
Ауысым соңында тәлімгерлер салтанатты жабуды ұйымдастырып, балаларға "Істі пайдамен"лагерінің өміріне белсенді қатысқаны үшін дипломдар табыс етті.