Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас инспекторлар

24.06.2022

2022 жылғы 22 маусым күні ЖҚИ облыстық байқауы өтті. Жарысқа қалалық кезеңнің жеңімпаздары  № 21 МЛ командасы қатысты. Жарыста қатысушылар 9 номинация бойынша бақ сынады: саптық түзеу,ЖҚЕ білгірлері, велосипедпен мәнерлеп жүру, жас жол реттеушісі, жас санитар, велосипедпен қалашықта жүру, «Электр самокатының балаларға зияны мен пайдасы» тақырыбында үгітбригада сайысы, эрудиттер турнирі, «Ашық үзіліс» сайысы.
Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте № 21 МЛ «Бағдаршам» командасы І орынды иеленді. «Саптық түзеу» номинациясында ІІ орынды иеленді, «ЖҚЕ білгірлері» - ІІ орын, жеке біріншілікте – ІІ орынды Аяпбергенова Аяулым алды, «Велосипедпен мәнерлеп жүру» - І орын, «Жас жол реттеушісі» - ІІІ орын, «Жас санитар» сайысында Зейнулла Ислам ІІ орынға ие болды, «Велосипедпен қалашықта жүру» - І орын, үгітбригада сайысында – ІІ орын. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлықтармен, дипломдармен, команда жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст