Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұлы дала ұрпақтары"киіз үй лагерінің І ауысымы

27.06.2022

2022 жылғы 20 - 24 маусым аралығында Көкшетау қ. Экопарк аумағында орналасқан "Ұлы дала ұрпақтары" күндізгі киіз үй лагерінің ашылуы өтті. Педагог – ұйымдастырушы М.А.Можаеваның жетекшілігімен балалар «Табиғаттағы қауіпсіздік техникасы» тақырыбында лекция тыңдады.
Мұғалімдер балаларға арналған домбыра мен гитара ойнау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді, оригами стилінде «Кудусама» гүлін жасады, спорт нұсқаушысы қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату», «Ақсүйек» ойындарымен таныстырса, «Арман Достар» үйірмесінің тәлімгерлері таза ауада квесттер, жарыстар мен эстафеталар ұйымдастырды. 
Демалыстың соңғы күнінде Бурабайға саяхат жасап, балалар ашық аспан аясында «Ботай» музейіне барды, сонымен қатар Абылай хан алаңын тамашалады.

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст