Текст
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы- демекші сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Қарашаның 2-ші жұлдызында, біздің мектептен тыс жұмыс орталығында ұстаздар мерекесіне орай шығармашылық кеш өтті! Ұлағатты ұстаздарымызды орталығымыздың тәрбиеленушілері, жас жұлдыздарымыз құттықтаған болатын! Әдемі бимен басталған кешіміз, керемет құттықтаулармен жалғасып әсем әнмен аяқталды!
Құрметті ұстаздар қауымы, баршаларыңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, зор денсаулық, шығармашылық табыс және де жұмыстарыңызда табыс тілейміз!