Текст
Денсаулық - әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы.Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды дене шынықтыру және спортпен айналысуға, өз денсаулығын сақтауға тарту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының ингуш тілі мұғалімі Дударкиева Тамара Суланбекқызы «Салауатты өмір салты үшін» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Үйірме тәрбиеленушілері Олимпиада ойындарының пайда болуы туралы әңгімеледі, спорт туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер оқыды, спорт туралы өз білімдерімен бөлісті, спортпен шұғылдану туралы, өз жетістіктері туралы айтты. Ресейлік, шетелдік және Қазақстандық спортшылар туралы викторина өткізілді.