"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы" МКҚК қосымша білім беру педагогы (мұғалім – хореограф, вокал мұғалімі, педагог- психолог, «Жайдарман», «КВН» жетекшісі) бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақы еңбек өтіліне байланысты 113 101 мың теңгеден 161 817 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: тәрбиеленушілердің қосымша білім беру саласындағы әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді.Білім беру бағдарламаларынәзірлеуге және іске асыруға қатысады, оқу сабақтарының бағдарламалары мен сабақ жоспарларын жасайды, олардың орындалу сапасын қамтамасыз етеді. Үйірме оқушыларының құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау бойынша шаралар қабылдайды.
Психо-физиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді.Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайдығ олардың дамуына, оқушылардың адамгершілік-рухани тұлғасын қалыптастыруға ықпал етеді. Дарынды және талантты тәрбиеленушілерді, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды, девиантты мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерді қолдайды.Тәрбиеленушілердің мәдени бұқаралық іс-шараларға, байқауларға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты уақытында ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.Ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға консультациялық көмек көрсетеді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады. Мектеп демалысы кезінде оқушылардың бос уақытын белсенді етеді.
Білуге тиіс: ҚР Конституциясы, ҚР заңдары: «Білім туралы», «ҚР Баланың құқықтары туралы», «ҚР тілдер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс; педагогика теориясы, психология, жас физиологиясы, мектеп гигиенасы, пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысының әдістемесі; бағдарламалар мен оқулықтар; оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері; педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары;тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың ерекшелігі, олардың шығармашылық қызметінің негіздері;таланттарды іздеу және қолдау әдістемесі, ғылыми-техникалық, эстетикалық, сауықтыру-спорттық және бос уақыт қызметін, демалыс пен ойын сауықты ұйымдастыру әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары,балалар ұжымдары, ұйымдар менқауымдастықтар қызметінің негіздері, еңбек туралы заңнама негіздері;санитарлық ережелер мен нормалар;еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау.
Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды неммесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе қайта даярлау туралы құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурс «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына конкурстық тағайындау мемлекеттік ұйымдары басшыларының, мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Конкурстық орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжатнемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралықұжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Вернадский көшесі, 46а. Анықтама телефоны: 29-25-79, cvraulet@mail.ru