Текст
«Қайнар» балалар аулалық клубының педагогы А.Мамеева «Ақылдылар мен тапқырлар» интеллектуалдық ойынын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: математиканы үйренуге қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Әр ойын өз шартымен ерекше болды. Балалар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсене қатысты. Әсіресе «Шифровка» ойынында балалар бірлесіп сөз жұмбақ шешіп, өздерінің білімдерін көрсетті.
Рыспаева Жансая логикалық ойындарда өзінің тапқырлығын, алғырлығын көрсетті.
Аталған іс-шара жақсы көңіл-күйде өтті.