«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК педагог - ұйымдастырушы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақы еңбек өтіліне байланысты 113101 мың теңгеден 161 817 теңгеге дейін.
1. Лауазымдық міндеттері:
1. Жеке тұлғаны, таланттар мен қабілеттерді дамытуға, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жалпы мәдениетін қалыптастыруға, оларды тәрбиелеуде әлеуметтік саланы кеңейтуге жәрдемдеседі.
2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың мекемелердегі және тұрғылықты жеріндегі жас және психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерделейді, ақпараттық, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарын қоса алғанда, қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалана отырып, оларды шығармашылық қызметтің әртүрлі түрлеріндегі іске асыру үшін жағдайлар жасайды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.
3.Балалардың жасын, қызығушылықтарын, орталықтың даму деңгейін және оның бөлімшелері (балалар аулалық клубтары),кей жағдайда денсаулығы мен мүмкіндіктерін: жорықтар,мерекелер,экскурсиялар, байқаулар, балалар ұжымдарының өнер көрсетулерін және т.б. ескере отырып, оларға арналған бос уақыт іс-шараларын жоспарлайды және өткізеді. Сабақтар мен іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапты болады. Балалармен түрлі белсенді жұмыс түрлерін және сайыстарды әзірлейді, олардың демалыстарын ұйымдастырады. Өткізілген іс-шаралар бойынша әзірлемелерді және сценарийлерді, есептерді дайындайды.
4. Үйірмелер, секциялар және басқа да балалар бірлестіктерінің, өкілдіктерінің жұмысын, білім алушылар мен ересектердің әртүрлі жеке және бірлескен қызметін ұйымдастырады.
5.Оқушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін талдайды. Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мәтіндік редакторлар мен электрондық кестелерді пайдалана отырып, шығармашылық қызмет тәжірибесін, білім алушылардың танымдық қызығушылығын дамыту негізінде оларды оқытудың тиімділігін бағалайды.
6. Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламасында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады.
7. Білім алушылармен жұмысқа мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлерін тартады.
8. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады.
9. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Републикасының Білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын; білім беру қызметін реттейтін заңдар менөзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика теориясы, психология, жас физиологиясы, мектеп гигиенасы, пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысының әдістемесі; бағдарламалар мен оқулықтар; оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері; педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары; тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың ерекшелігі, олардың шығармашылық қызметінің негіздері; таланттарды іздеу және қолдау әдістемесі, ғылыми-техникалық, эстетикалық, сауықтыру - спорттық және бос уақыт қызметін, демалыс пен ойын сауықты ұйымдастыру әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары,балалар ұжымдары, ұйымдар менқауымдастықтар қызметінің негіздері, еңбек туралы заңнама негіздері; санитарлық ережелер мен нормалар; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды неммесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе қайта даярлау туралы құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурс «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына конкурстық тағайындау мемлекеттік ұйымдары басшыларының, мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Конкурстық орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжатнемесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралықұжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ( біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Вернадский көшесі, 46а. Анықтама телефоны: 29-25-79, cvraulet@mail.ru