Жыл сайын 9 –қараша күні Корея Республикасында Хангыль кәріс жазуының күніаталып өтеді. Ежелгі кезде кәрістер өз жазбалары жоқ және ана тілінің дыбыстарын жазу үшін қытай иероглифтерін қолдануға мәжбүр болды, бұл көптеген қарапайым адамдар үшін қол жетімсіз болды.Халықтың сауаттылығы қол жетімді болуы үшін Чосонов әулетінің патшайымы Седжон 1446 жылы кәріс жазуын ойлап тапты. Жаңа әліпби лайықты бағаланды. 21 дауысты және 19 дауыссыз дыбысы бар. Әр әріптің философиялық түсініктемесі бар,оның негізінде үш элемент жатыр-адам, жер,күн.Кәріс жазуының күні күнтізбенің қызыл күндерінің бірі болып табылады, онда ұлттық мәдениет пен әдебиетке арналған түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді.
«Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің «Кәріс тілі» үйірмесінің жетекшісі Лим Людмила Константиновна балалардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, кәріс тіліне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ашық сабақ өткізді.Балалар кәріс тілі еліне саяхат жасап, көп қызықты мәліметтер алды,тілді қарқынды оқыту үшін ойын-сауық өткізді.