Текст
Мектеп оқушыларының күзгі демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында «Қайнар» балалар аулалық клубында ойын бағдарламасы өткізілді. Ойын барысында балалар топқа бөлініп, өз реквизиттарын дайындап,белсенділіктерін танытты. «Мысықтар» атты шығармашылық байқауда үйірмешілер, үлгіге мақтаны жапсыра отыра, өздерінің суреттерін көрсетті. Бірнеше викториналық сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтар шешті.Өткізілген іс-шара балаларға өте қызықты да тартымды өтті.