22.09.2022
«Мұрагер» балалар аулалық клубының «Шабыт» үйірмесінде ұстаздар күні қарсаңында «Менің сүйікті ұстазым» атты суретші сағаты өтті. Балалар өздерінің сүйікті ұстаздарының портреттерін салды, жұмыс барысында балалардың аузынан ұстаздарына айтылған көптеген жылы сөздер естілді.