Тәуелсіздік күні барлық әлемде мемлекеттіліктің негізін білдіретін ең басты мерекелердің бірі ретінде аталып өтеді. Бұл күннің ерекшелігі Қазақстан халықтарының бірлігі сезіміні нығайтып, күшейтеді. Жыл сайын желтоқсан айында Қазақстанның көп ұлтты халқы осы Тәуелсіздік мейрамын салтанатты атап өтеді. Біздің «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубында тәрбиеленушілерді отаншылдыққа тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Осындай мақсатпен инғұш тілінің оқытушысы Дударкиева Тамара Суланбековна ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізді. Балалар іс-шара барасында жақсы қызығушылықпен өлеңдер оқып, әр түрлі тілде әндер айтып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, Қазақстан туралы, салт-дәстүрлер туралы викторинаға қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.