Текст
2019 жылдың 30-желтоқсан күні «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында Көкшетау қаласының әкімі Смаилов Амангелді Халауденұлының жастармен және «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының жас педагогтарымен кездесуі болды.
Кездесу барысында жастар ресурстық орталығының, Волонтерлік қозғалыстың даму болашағы, жоғары сынып оқушыларымен жұмыс мәселелері талқыланды. Кездесу соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді.