2023 жылдың 3 ақпанында «Әулет» МТЖО «Қайнар» балалар аула клубында, 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні қарсаңында,
"Біз есімдерді ұмыта алмаймыз " атты кездесу - кеш өтті. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-есен оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист - жауынгер Абилькасимов Нурбек Конысбаевич шақырылды. Ауған соғысының ардагері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті, әскери фотосуреттерін көрсетті. Гитараның сүйемелдеуімен Ауған соғысы туралы әндерден басқа,сол кезде қаза тапқан достарына да арнаған өзінің әндерін шырқады. Жылдар өткенімен ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.