Текст
10 ақпан күні «Мұрагер» балалар аулалық клубында «Fantastic English» үйірмесінде «Aуғаныстан менің жадымда» атты естелік сағаты өтті. Естелік сағат оқушылардың жергілікті қақтығыстар тарихы, әсіресе Ауған соғысы және азаматтық ұстанымы туралы білімдерін қалыптастыруға, өз жерлестеріне патриоттық сезім мен мақтаныш сезімін оятуға ықпал етті.