Текст
«Қайнар» балалар аулалық клубында «Алғыс айта аламыз ба?» атты викториналық ойыны өтті. Іс-шара барысында балалар әртүрлі тапсырмаларды орындады: әртүрлі елдердегідей бір-бірімен амандасып, «алғыс» сөзіне ассоциациялар ойлап тапты, сөзжұмбақ шешіп, алғысын білдіретін сөздерді таңдады. Шара соңында рефлексия жүргізіліп, оқушылар алғыс сөздерін жазып, барлығы бірге «Алғыс гүлін» жинады. Үйірме оқушылары жарыстарға ықыласпен қатысты. Көңілді және қуанышты атмосфера болды.