Текст
"Әулет" МТЖО "Қайнар" балалар клубында "Дарындылар мозайкасы" атты жылдық есеп-концерт өткізілді.
"Арт-деко", "Палитра", "БисерОк" үйірмешілерінің өз қолдарымен жасаған бұйымдары мен суреттерінен ұйымдастырылған көрмеден басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты. "Парасат" қазақ тілі үйірмесінің бүлдіршіндері "Бақытты балалық шақ " әдеби-монтажбен, "Let's speak English" ағылшын үйірме мүшелері ертегілер әлеміне саяхатпен, "Күмбірлі домбыра" шерткен күйлерімен, "Жас гитарист" үйірмешілері балалар тақырыбына арнаған әндерімен бар өнерлерін ортаға салды.